Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Ақталған адамға куәлік беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
28-қосымша

"Ақталған адамға куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Ақталған адамға куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттар топтамасын тiркеген сәттен бастап:

куәлiк (куәлiк телнұсқасын) беру — 5 (бес) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: "Ақталған адамға бiрыңғай үлгiдегi куәлiк беру қағидаларын, ақталған адамның куәлiгiнiң үлгiсiн бекiту және "Саяси қуғын-сүргiнге ұшырап ақталған адамдарды куәлiкпен қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 2 сәуiрдегi № 184 қаулысымен бекiтiлген үлгiдегi куәлiк немесе оның телнұсқасы.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

Өтiнiштi қабылдау мен мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру: 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақталған адамға куәлiк (телнұсқасын) беру туралы өтiнiштi және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшiрмесi.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды ұсынған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi тiркелген күнi және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген үзбелi талон бередi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке өзi (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) келiп жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өтiнiштiң үзбелi талонының негiзiнде берiледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, әкiмдiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен статусы туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, "1414" Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

Жүктеу (DOCX 20 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 14:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 14:26
Қаралым саны: 783