A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2017 жылдың 1 қаңтары

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2016 жылдың 3 тоқсан iшiнде жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,4 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 17,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 91,5% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 3318 адам жолданды.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1351 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 959 адам (71,01%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 66 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2468 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 444 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 141 адамға жолдама берiлдi, жастар тәжiрибесiне — 44 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 46 адам жiберiлдi.

2016 жылдың 12 ай iшiнде 12504 жаңа жұмыс орындары құрылды немесе жылдық жоспардан 108,3 % (11 541), соның iшiнде 6757 тұрақты орындар, олардың iшiнде 2861 ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (1627).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» бiрiншi бағыты бойынша бөлiнген қаражатқа сәйкес 364 инфрақұрылымдық жобалары iске асырылуда (бiлiм беру-150, денсаулық сақтау-29, мәдениет-34, әлеуметтiк қорғау-14, мұрағат-1, ТҮКШ-42, жолдар-92, спорт-2), осыларды iске асыру кезде қосымша 2040 жұмыс орнын құру көзделдi, соның iшiнде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1127. 2017 жылдың 1 қантар жағдайға қарасты 364 орындалған жобаларға 2081 адам жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде жұмыспен қамту орталықтары арқылы — 1137.

«Кәсiпкерлiк бастаманы ынталандыру» екiншi бағыты шеңберiнде 115 адам оқытылды. 2017 жылдың 1 қантар жағдайға қарасты, 427 адам шағын несиелердi алды, 1051,9 млн.теңге соммасына.

«Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне 537адам жолданды, әлеуметтiк жұмыс орындарына 637 адам жұмысқа орналастырылды, кәсiптiк оқытуға — 186 адам.

mso-spacerun:yes> на профессиональное обучение — 186 человек.

Дата создания статьи: 17.11.2017 10:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2017 10:26
Қаралым саны: 400

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: akmout@mail.online.kz