A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2018 жылдың 1 қаңтары

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2017 жылғы 3 тоқсаны бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,3 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 731 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 49,3% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 82 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 46 адам (56,1%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 2 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 55 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 9 адам жұмысқа, оның iшiнде қоғамдық жұмыстарға 3 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-1 адам, жастар тәжiрибесiне — 5 адам.

Жыл басынан бастап облыста 423 жаңа жұмыс орындары құрылды немесе жылдық жоспардан 3,9% (10940), соның iшiнде 383 тұрақты орындар, олардың iшiнде 100 ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Атбасар ауданында құрылды (109).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасы «Еңбек»

Бiрiншi бағыты бағдарламасы бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету 2665 жоспарланады.

техникалық және кәсiптiк бiлiммен 1190 адам жоспар бойынша 1 қыркүйкте оқуға жолданды.

қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға 1475 адам жоспар. 1 ақпан 2018 жағдайы бойынша 91 адам қатысты.

Екiншi бағыты бағдарламасы бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» (бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1927 адам жолдауға жоспар. 2,6 млрд. теңге бойынша 320 қатысушыларға микрокредит беруге жоспар.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында жұмыспен қамту белсендi шараларымен 3175 адамды қамтамасыз ету жоспарымен, жұмыспен қамту белсендi шараларымен 277 адам қамтамасыз етiлдi.

Жыл басынан бастап, қоғамдық жұмыстарына 233 адам жiберiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына 16 адам және жастар тәжiрибесiне 28 адам жiберiлдi.

Дата создания статьи: 24.05.2018 09:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.06.2018 12:19
Қаралым саны: 70

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: akmout@mail.online.kz