Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Трудоустройство на 1 сентябрь 2018 года

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау

2018 жылдың 2-шi тоқсан қорытындылары бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,1 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 12,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 89,5% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 2372 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1685 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1425 адам (84,6%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 46 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2541 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 295 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде тұрақты жұмысқа 189 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 62 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 23 адам жiберiлдi, жастар практикасына 21 адам жiберiлдi.

2018 жылғы 8 айда облыста 9307 жаңа жұмыс орны немесе жылдық жоспардан 83,5 % (11 140) ашылды, соның iшiнде 5695 тұрақты орын, олардың iшiнде 2170 ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында ашылды (1618).

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiмiмен және қысқа мерзiмде оқытуымен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 2665 адамды, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап оқуға кiрiсетiн, техникалық және кәсiптiк бiлiммен 1190 адамды;

-қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1475 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.

2018 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1627 адам немесе 110,3% қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты шеңберiнде жұмыспен қамту шаралармен 2662 адамды, соның iшiнде:

-«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1927 адам қамтамасыз етуi жоспарлануда. 1 қыркүйек жағдай бойынша 1667 адам оқумен немесе 87% қамтылды.

-ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатымен, 735 азаматқа 3,7 млрд. теңге сомасына несие беру бойынша қамтамасыз етуi жоспарланып отыр. 1 қыркүйек жағдай бойынша 1487,4 млн.теңге сомасына 423 шағын несие берiлдi.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында жоспардағы 3288 адамға белсендi жұмыспен қамту шараларымен 3587 адам, соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарына 2372 адам 106% (жоспар 2238);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 674 адам ( жоспар 524), олардың iшiнде 2018 ж. жаңа жинағы 620 адам (жоспар 470), 2017 ж. жалғастырушы 50 адам, жергiлiктi бюджет шеңберiнде 4 адам;

- жастар тәжiрибесiне 541 адам жiберiлдi, (жоспар 529) олардың iшiнде 2018 ж. жаңа жинағы 473 адам (жоспар 407), 2017 ж. жалғастырушы 10 адам, жергiлiктi бюджет шеңберiнде 94 адам (жоспар 112) жiберiлiп қамтамасыз етiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 23.11.2018 09:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.11.2018 11:00
Қаралым саны: 990