A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2017 жылдың 1 қазанға

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2017 жылғы 2 тоқсаны бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,2 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 14637 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 85,1% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1039 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 789 адам (75,9%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 48 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2179 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 257 адам жұмысқа, соның iшiнде тұрақты жұмыс орындарына — 78 адам орналастырылды, оның iшiнде қоғамдық жұмыстарға 104 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-32 адам, жастар тәжiрибесiне — 43 адам.

Жыл басынан бастап облыста 10797 жаңа жұмыс орындары құрылды немесе жылдық жоспардан 95,2 % (11 343), соның iшiнде 5950 тұрақты орындар, олардың iшiнде 3005 ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (1477).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының бiрiншi бағыты бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету 6261 адам жоспарланады:

техникалық және кәсiптiк бiлiммен 1221, оның iшiнде 1190 адам жоспар бойынша 1 қыркүйкте оқуға жолданды, 31 адам 2016 жылдан жалғастырылатын қатысушылар;

қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға 5040 адам.

1 қазан жағдайы бойынша 2788 адам немесе 55,3% жылдың жоспары бойынша қатысты.

Екiншi бағыты бағдарламасы бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» (бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 606 адам жолданды («Жұмыспен қамту» ААЖ бойынша). 1,8 млрд. теңге бойынша 380 қатысушыларға микрокредит берiлдi.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» үшiншi бағыты шеңберiнде ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтуға қамтамасыз ету бойынша шараларымен мынадай iс-шараларды қамту жоспарланды:

- жастар тәжiрибесiмен — 409 адам (олардың iшiнде 2017 ж. жоспары 369 адам, 40 адам 2016 ж. жалғастырушы). 1 қазан жағдайға қарасты 518 адам жолданды (олардың iшiнде 2017 ж. жинағы 478 адам, 40 адам 2016 ж. жалғастырушы). Кокшетау қаласы бойынша жергiлiктi бюджет шеңберiнде Жастар тәжiрибесiне жолданды 112 адам;

- әлеуметтiк жұмыс орындарымен — 495 адам (426 адам 2017 ж. жоспар, 69 адам 2016 ж. жалғастырушы), олардың iшiнде 605 адам жолданды (536 адам 2017 ж. жинағы, 69 адам 2016 ж. жалғастырушы);

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 1 қазаң жағдайға қарасты 169 адам жұмысқа орналыстырды, оның iшiнде Жұмыспен қамту орталығы бойынша 90 адам жұмысқа орналастырды.

Мақаланың шыққан күні: 17.11.2017 09:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2017 09:40
Қаралым саны: 826

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz