A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2017 жылдың 1 қарашасына

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2017 жылғы 3 тоқсаны бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,3 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 17981 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 85,5% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1319 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1004 адам (76,1%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 70 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2955 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 400 адам жұмысқа, соның iшiнде тұрақты жұмыс орындарына — 172 адам орналастырылды, оның iшiнде қоғамдық жұмыстарға 121 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-37 адам, жастар тәжiрибесiне — 70 адам.

Жыл басынан бастап облыста 11832 жаңа жұмыс орындары құрылды немесе жылдық жоспардан 104,3 % (11 343), соның iшiнде 6591 тұрақты орындар, олардың iшiнде 3170 ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (1634).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасыныңбойынша

Бiрiншi бағыты бағдарламасы бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету 6261 жоспарланады.

техникалық және кәсiптiк бiлiммен 1221, оның iшiнде 1190 адам жоспар бойынша 1 қыркүйкте оқуға жолданды, 31 адам 2016 жылдан жалғастырылатын қатысушылар.

Қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға 5040 адам жоспар.

1 желтоқсан жағдайы бойынша 5109 адам немесе 101,4% жылдың жоспары бойынша қатысты.

Екiншi бағыты бағдарламасы бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» (бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 938 адам жолданды. 2,2 млрд. теңге бойынша 432 қатысушыларға микрокредит берiлдi.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» үшiншi бағыты шеңберiнде ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтуға қамтамасыз ету бойынша шараларымен мынадай iс-шараларды қамту жоспарланды:

- жастар тәжiрибесiмен — 464 адам (олардың iшiнде 2017 ж. жоспары 377 адам, 87 адам 2016 ж. жалғастырушы). 1 желтоқсан жағдайға қарасты 606 адам жолданды (олардың iшiнде 2017 ж. жинағы 519 адам, 87 адам 2016 ж. жалғастырушы). Жергiлiктi бюджет шеңберiнде 2017 ж. жоспар 100 адам Кокшетау қаласы, жолданды 112 адам;

- әлеуметтiк жұмыс орындарымен — 545 адам (434 адам 2017 ж. жоспар, 111 адам 2016 ж. жалғастырушы), олардың iшiнде 694 адам жолданды (583 адам 2017 ж. жинағы, 111 адам 2016 ж. жалғастырушы);

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 1 желтоқсан жағдайға қарасты 181 адам жұмысқа орналыстырды, оның iшiнде Жұмыспен қамту орталығы бойынша 98 адам жұмысқа орналастырды.

Дата создания статьи: 16.04.2018 10:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.04.2018 10:17
Қаралым саны: 259

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz