A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2018 жылдың 1 мамырына

2018 жылдың 1-шi тоқсан қорытындылары бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,0 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 7,0 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 80,4% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 1691 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 941 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 847 адам (90,0%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 33 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1913 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 240 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде тұрақты жұмысқа 158 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 51 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 20 адам жiберiлдi, жастар практикасына 11 адам жiберiлдi.

2018 жылдың 5 ай iшiнде облыста 5563 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 49,9 % (11 140) құрылды, соның iшiнде 3403 тұрақты орындар, олардың iшiнде 1150 ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (891).

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiмiмен және қысқа мерзiмде оқытуымен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 2665 адамды, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап оқуға кiрiсетiн, техникалық және кәсiптiк бiлiммен 1190 адамды;

-қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1475 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.

2018 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1280 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты шеңберiнде жұмыспен қамту шаралармен 2297 адамды, соның iшiнде:

-«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту 1927 адам, 1 ммаусымдағы жағдай бойынша 1055 адам оқумен қамтылды немесе 55% құрады.

-ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатымен, 370 азаматқа 2,7 млрд. теңге сомасына несие беру бойынша қамтамасыз етуi жоспарланып отыр.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында жоспардағы 3284 адамға белсендi жұмыспен қамту шараларымен 2460 адам, соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарына 1691 адам (жоспар 2238);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 545 адам ( жоспар 520), олардың iшiнде 2018 ж. жаңа жинағы 495 адам (жоспар 470), 2017 ж. жалғастырушы 50 адам;

- жастар тәжiрибесiне 224 адам жiберiлдi, (526) олардың iшiнде 2018 ж. жаңа жинағы 214 адам (жоспар 416), 2017 ж. жалғастырушы 10 адам, Көкшетау қаласының жергiлiктi бюджет шеңберiнде 41 адам (жоспар 100) жiберiлiп қамтамасыз етiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 10:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2018 10:43
Қаралым саны: 462

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz