A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2018 жылдың 1 наурызына

2017 жылдың 4 тоқсан iшiнде жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 2,9 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 3,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 75,9% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 832 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 419 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 340 адам (81,1%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 15 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1077 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 158 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде тұрақты жұмысқа 97 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 38 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 12 адам жiберiлдi, жастар практикасына 11 адам жiберiлдi.

2017 жылдың 3 ай iшiнде облыста 2234 немесе жылдық жоспардан 20,05 % (11 140), соның iшiнде 2045 тұрақты орындар, олардың iшiнде 459 ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындары құрылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (510).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға «Еңбек» арналған бағдарламасы

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiмiмен және қысқа мерзiмде оқытуымен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 2665 адамды, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап оқуға кiрiсетiн, техникалық және кәсiптiк бiлiммен 1190 адамды;

-қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1475 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.

2018 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 987 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты шеңберiнде жұмыспен қамту шаралармен 2247 адамды, соның iшiнде:

-«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту 1927 адам,

-ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатымен, 320 азаматқа 2,7 млрд. теңге сомасына несие беру бойынша қамтамасыз етуi жоспарланып отыр

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында жоспардағы 3175 адамға белсендi жұмыспен қамту шараларымен 1360 адам, соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарына 832 адам (жоспар 2138);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 379 адам ( жоспар 520), олардың iшiнде 2018 ж. жаға жинағы 329 адам (жоспар 470), 2017 ж. жалғастырушы 50 адам;

- жастар тәжiрибесiне 149 адам жiберiлдi, (517) олардың iшiнде 2018 ж. жаңа жинағы 111 адам (жоспар 407), 2017 ж. жалғастырушы 10 адам, Көкшетау қаласының жергiлiктi бюджет шеңберiнде 28 адам (жоспар 100) жiберiлiп қамтамасыз етiлдi.

Дата создания статьи: 24.05.2018 09:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.05.2018 09:40
Қаралым саны: 157

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz