A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2018 жылдың 1 маусымына

2018 жылдың 1-шi тоқсан қорытындылары бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8% құрады, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,0 %.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 9,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 85,7% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 1965 адам жолданды.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1408 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1232 адам (87,5%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 38 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2258 бос жұмыс орындары ұсынылды, нәтижесiнде 256 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде тұрақты жұмысқа — 170 адам, қоғамдық жұмыстарға 51 адам жолданды, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 20 адам, жастар тәжiрибесiне 15 адам.

2018 жылдың 6 айы iшiнде облыста 6808 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 61,1 % (11 140) құрылды, соның iшiнде 4266 — тұрақты орындар, олардың iшiнде 1526 — ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (1145).

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдiкәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында2665 адамды, соның iшiнде:

- техникалық және кәсiптiк оқумен — 1190 адамды, жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiнен бастап оқуға кiрiседi;

-қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен — 1475 адамды оқумен қамту жоспарлануда.

2018 жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес қысқа мерзiмдi оқумен 1457 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты шеңберiнде жұмыспен қамту шараларымен 2547 адамды қамту жоспарлануда, соның iшiнде:

-«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне 1927 адамды оқумен қамту жоспарлануда, 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес 1055 адам немесе 55% оқумен қамтылды.

-ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында 620 азаматтарға 3,7 млрд. теңге сомасына несие беру жоспарлануда. 2018 жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес 663,2 млн. теңге сомасына 183 шағын несие берiлдi.

«Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында3288 адамжоспарында, жұмыспен қамтудың белсендi шараларымен 2852 адам қамтылды, соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарына 1965 адам (жоспар 2238);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 599 адам (жоспар 524) жолданды, соның iшiнде 2018 жылдағы жаңа жинақ — 546 адам (жоспар 470), 2017 жылдан ауыспалы — 50 адам, Бурабай ауданының жергiлiктi бюджетi -3 (жоспар 4) ;

- жастар тәжiрибесiне 288 адам ( жоспар 526), соның iшiнде 2018 жылдағы жаңа жинақ — 228 адам (жоспар 407), 2017 жылдан ауыспалы — 10 адам, жергiлiктi бюджет — 50 адам (жоспар 109).

Мақаланың шыққан күні: 16.08.2018 15:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.08.2018 15:34
Қаралым саны: 350

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz