A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2017 жылдың 1 маусымына

2017 жылдың I тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,3 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 5,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 59,27 % құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 1849 адам жiберiлдi.

2017 жылдың 5 ай iшiнде облыста 4727 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 41,7 % (11 343) құрылды, соның iшiнде 3282 тұрақты орындар, олардың iшiнде 1142 — ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (1036).

Жұмыспен қамту

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының бойынша

Бiрiншi бағыты бағдарламасы бойынша (бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету) қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға 744 адам жолданды.

Екiншi бағыты бағдарламасы бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» (бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 110 адам жолданды. 26,6 млн. теңге бойынша 2 қатысушыларға микрокредит берiлдi.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» үшiншi бағыты шеңберiнде ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтуға қамтамасыз ету бойынша шараларымен мынадай iс-шараларды қамту жоспарланды:

- жастар тәжiрибесiмен — 409 адам (олардың iшiнде 2017 жылдың жоспары 369 адам, 40 адам 2016 жылдан жалғастырушы). 1 маусым жағдайға қарасты 233 адам жолданды. Жергiлiктi бюджет шеңберiнде 2017 ж. жоспар 100 адам Кокшетау қаласы, жолданды 44 адам;

- әлеуметтiк жұмыс орындарымен — 495 адам (426 адам 2017 ж. жоспар, 69 адам 2016 ж. жалғастырушы), олардың iшiнде 505 адам жолданды;

Мақаланың шыққан күні: 17.11.2017 10:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2017 10:06
Қаралым саны: 709

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz