A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2017 жылдың 1 шілдесіне

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2017 жылғы 1тоқсаны бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,3 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 7420 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 66,6% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 534 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 427 адам (80,0%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 35 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1589 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 173 адам жұмысқа, соның iшiнде тұрақты жұмыс орындарына — 31 адам орналастырылды, оның iшiнде қоғамдық жұмыстарға 78 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-31 адам, жастар тәжiрибесiне — 33 адам.

Жыл басынан бастап облыста 7217 жаңа жұмыс орындары құрылды немесе жылдық жоспардан 63,6 % (11 343), соның iшiнде 4055 тұрақты орындар, олардың iшiнде 1909 ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (1144).

Жұмыспен қамту

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының бойынша

Бiрiншi бағыты бағдарламасы бойынша (бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету) қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға 996 адам жолданды.

Екiншi бағыты бағдарламасы бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» (бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 339 адам жолданды. 122,4 млн. теңге бойынша 31 қатысушыларға микрокредит берiлдi.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» үшiншi бағыты шеңберiнде ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтуға қамтамасыз ету бойынша шараларымен мынадай iс-шараларды қамту жоспарланды:

- жастар тәжiрибесiмен — 409 адам (олардың iшiнде 2017 ж. жоспары 369 адам, 40 адам 2016 ж. жалғастырушы). 1 шiлде жағдайға қарасты 293 адам жолданды (олардың iшiнде 2017 ж. жинағы 253 адам, 40 адам 2016 ж. жалғастырушы). Жергiлiктi бюджет шеңберiнде 2017 ж. жоспар 100 адам Кокшетау қаласы, жолданды 52 адам;

- әлеуметтiк жұмыс орындарымен — 495 адам (426 адам 2017 ж. жоспар, 69 адам 2016 ж. жалғастырушы), олардың iшiнде 553 адам жолданды (474 адам 2017 ж. жинағы, 69 адам 2016 ж. жалғастырушы);

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 1 шiлде жағдайға қарасты 96 адам жұмысқа орналыстырды, оның iшiнде Жұмыспен қамту орталығы бойынша 33 адам жұмысқа орналастырды.

Дата создания статьи: 17.11.2017 10:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2017 10:05
Қаралым саны: 542

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz