Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2018 жылдың 1 желтоқсанына

2018 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%-ды, жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,2%-ды құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 19 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң жалпы санынан 96,5%-ды құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 2761 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1949 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1637 адам (84,0 %) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 64 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкелерде 3741 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 391 адам жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде тұрақты жұмысқа 257 адам орналастырылды, 76 адамға қоғамдық жұмыстарға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына 25 адам, жастар практикасына 33 адам жiберiлдi.

2018 жылдың 11 ай iшiнде облыста 11815 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 106,1 % (11 140) құрылды, оның iшiнде 7107 тұрақты жұмыс орын, оның iшiнде ауылдық жерлерде 2814 жұмыс орын құрылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (1774).

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 2665 адамды, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамту;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1475 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.

2018 жылғы 1 желтоқсан жағдай бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 1711 адам немесе 116% қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 2662 адамды, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1927 адамды қамтамасыз етуi жоспарлануда. 1 желтоқсан жағдай бойынша 2358 адам оқумен қамтылды немесе 122%-ды құрады.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 735 азаматқа 3,7 млрд. теңге сомасына несие беру бойынша қамтамасыз етуi жоспарлануда. 1 желтоқсан жағдай бойынша 3045,7 млн.теңге сомасына 819 шағын несие берiлдi.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 3395 жоспарынан белсендi жұмыспен қамту шараларымен 4271 адам, соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 2761 адам немесе 117,63% (жоспар 2238);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 789 адам (жоспар 586), оның iшiнде 2018 жылғы жаңа жинақ 719 адам (жоспар 516), 2017 жылғы жалғастырушы 66 адам, жергiлiктi бюджет шеңберiнде 4 адам;

- жастар тәжiрибесiне 721 адам жiберiлдi, (жоспар 571) олардың iшiнде 2018 жылғы жаңа жинақ 555 адам (жоспар 406), 2017 жылғы жалғастырушы 59 адам, жергiлiктi бюджет шеңберiнде 107 адам (жоспар 106) жiберiлiп қамтамасыз етiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 11.12.2018 15:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.12.2018 15:36
Қаралым саны: 862