A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 2017 жылдың 1 тамызына

Жұмыспен қамту

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2017 жылғы 1 тоқсаны бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,3 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 8740 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 68,0% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 534 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 427 адам (80,0%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 35 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1589 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 173 адам жұмысқа,соның iшiнде тұрақты жұмыс орындарына — 31 адам орналастырылды, оның iшiнде қоғамдық жұмыстарға 78 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 31 адам, жастар тәжiрибесiне — 33 адам.

Жыл басынан бастап облыста 8082 жаңа жұмыс орындары құрылды немесе жылдық жоспардан 71,3 % (11 343), соның iшiнде 4427 тұрақты орындар, олардың iшiнде 2077 ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (1144).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы бойынша

Бiрiншi бағыты бағдарламасы бойынша (бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету) қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға 1576 адам жолданды.

Екiншi бағыты бағдарламасы бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» (бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 528 адам жолданды. 962,9 млн. теңге бойынша 238 қатысушыларға микрокредит берiлдi.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» үшiншi бағыты шеңберiнде ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтуға қамтамасыз ету бойынша шараларымен мынадай iс-шараларды қамту жоспарланды:

- жастар тәжiрибесiмен — 409 адам жоспар бойынша (олардың iшiнде 2017 жылдың жоспары 369 адам, 40 адам 2016 жылдан жалғастырушы), 502 адам жолданды (олардың iшiнде 2017 жылдың жоспары 380 адам, 40 адам 2016 жылдан жалғастырушы, Көкшетау қаласы жергiлiктi бюджет шеңберiнде 82 адам).

- әлеуметтiк жұмыс орындарымен — жоспар бойынша 495 адам (426 адам 2017 ж. жаңа жинақ), олардың iшiнде 566 адам жолданды (497 адам жаңа жинақ, 69 адам 2016 ж. бастап жалғастырушы).

Дата создания статьи: 17.11.2017 09:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2017 09:46
Қаралым саны: 383

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: akmout@mail.online.kz