Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 01.11.2019 жылдың

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне 2019 жылдың 3 тоқсанына жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,7 %, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,1 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 17652 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 79,6 % құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1848 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1650115 адам (89,3%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 94 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 4354 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 289 адам жұмысқа, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 91 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 79 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-16 адам, жастар тәжiрибесiне — 48 адам, кәсiптiк оқуға -55 адам.

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 4180 адам жоспарлунуда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылады. 01.11.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1190 адам қамтылды;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2990 адам қамтылады. 01.12.2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 3024 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 6653 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 4020 адамды қамтылады. 01.12.2019 жылдың қорытындысы бойынша 4030 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 1115 азаматқа 4,7 млрд. теңге сомасына несие берiлдi. 01.12.2019 жылдың қорытындысы бойынша 4029,4 млн. теңгеге 972 микрокредит алынды.

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 579,2 млн. теңге сомасында 1518 грант беру. 2019 жылдың 01.12.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1215 адам грант алды.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 3461 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.12.2019 жылдың қорытындысы бойынша 3759 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 2133 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 590 адам (жоспар 544);

- жастар тәжiрибесiне 745 адам (жоспар 700) жiберiлдi.

2019 жылдың 11 ай бойынша облыста 15788 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 101,8 % (15500) құрылды, оның iшiнде 7584 тұрақты жұмыс орын құрылды. Жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (2642).

Мақаланың шыққан күні: 11.12.2019 10:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.12.2019 10:49
Қаралым саны: 1130