Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 01.11.2019 жылдың

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне 2019 жылдың 2 тоқсанына жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,7 %, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 2,8 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 15 618 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 80,3 % құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1692 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1509 адам (89,2%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 83 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 3908 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 499 адам жұмысқа, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 260 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 78 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-16 адам, жастар тәжiрибесiне — 48 адам, кәсiптiк оқуға -47 адам.

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 4180 адам жоспарлунуда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылды;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2990 адам қамтылады. 01.11.2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2410 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 6278 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 4020 адамды қамтылады. 01.11.2019 жылдың қорытындысы бойынша 3261 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 1115 азаматқа 4,7 млрд. теңге сомасына несие берiлдi. 01.11.2019 жылдың қорытындысы бойынша 3347,9 млн. теңгеге 821 микрокредит алынды.

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 463,6 млн. теңге сомасында 1143 грант беру. 2019 жылдың 01.11.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1051 адам грант алды.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 3461 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.11.2019 жылдың қорытындысы бойынша 3637 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 2051 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 576 адам (жоспар 544);

- жастар тәжiрибесiне 722 адам (жоспар 700) жiберiлдi.

2019 жылдың 10 ай бойынша облыста 14933 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 96,3 % (15500) құрылды, оның iшiнде 7009 тұрақты жұмыс орын құрылды. Жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (2633).

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2019 08:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.11.2019 09:00
Қаралым саны: 160