Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 01.10.2019 жылдың

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне 2019 жылдың 2 тоқсанына жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,7 %, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 2,8 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 13 692 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 80,2 % құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1544 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1386 адам (89,8%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 79 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 3852 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 255 адам жұмысқа, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 70 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 78 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-15 адам, жастар тәжiрибесiне — 48 адам, кәсiптiк оқуға -44 адам.

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 3680 адам жоспарлунуда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылды;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2490 адам қамтылады. 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1977 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 3369 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1478 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4,7 млрд. теңге сомасына несие берiлдi. 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша 2856,8 млн. теңгеге 680 микрокредит алынды.

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 463,6 млн. теңге сомасында 1143 грант беру. 2019 жылдың 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша 633 адам грант алды.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 2989 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.10.2019 жылдың қорытындысы бойынша 3455 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 1988 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 684 адам (жоспар 544);

- жастар тәжiрибесiне 783 адам (жоспар 700) жiберiлдi.

2019 жылдың 9 ай бойынша облыста 10289 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 100,3 % (10 260) құрылды, оның iшiнде 6454 тұрақты жұмыс орын құрылды. Жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (2058).

Мақаланың шыққан күні: 10.10.2019 08:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.10.2019 09:00
Қаралым саны: 141