Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 01.08.2019 жылдың

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне 2019 жылдың 1 тоқсанына жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,1 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 9315 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 71,9% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1091 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 973 адам (89,2%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 57 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2546 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 173 адам жұмысқа, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 50 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 70 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-15 адам, жастар тәжiрибесiне — 38 адам.

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 3680 адам жоспарлунуда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылады;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2490 адам қамтылады. 01.08.2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1474 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 3369 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 01.08.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1478 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4 млрд. теңге сомасына несие берiлдi. 01.08.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1667,5 млн. теңгеге 398 микрокредит алынды.

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 463,6 млн. теңге сомасында 1143 грант беру. 2019 жылдың 01.08.2019 жылдың қорытындысы бойынша 453 адам грант алды.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 2983 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.08.2019 жылдың қорытындысы бойынша 2971 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 1775 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 628 адам (жоспар 538);

- жастар тәжiрибесiне 568 адам (жоспар 700) жiберiлдi.

2019 жылдың 7 ай бойынша облыста 8463 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 82,5 % (10 260) құрылды, оның iшiнде 5213 тұрақты жұмыс орын құрылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (1349).

Мақаланың шыққан күні: 10.08.2019 08:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.08.2019 09:00
Қаралым саны: 141