Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 01.06.2019 жылдың

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне 2019 жылдың 1 тоқсанына жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,1 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 5862 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 64,8% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 754 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 671 адам (89%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 35 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1329 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 100 адам жұмысқа, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 15 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 51 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-12 адам, жастар тәжiрибесiне — 22 адам.

2019 жылдың 5 ай бойынша облыста 5108 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 49,8 % (10 260) құрылды, оның iшiнде 2910 тұрақты жұмыс орын құрылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (632).

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 3680 адам жоспарлунуда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылады;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2490 адам қамтылады. 01.06.2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1068 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 3069 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 01.06.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1047 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4 млрд. теңге сомасына несие берiлдi. 01.06.2019 жылдың қорытындысы бойынша 597,2 млн. теңгеге 124 микрокредит алынды.

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 312 млн. теңге сомасында 843 грант беру. 2019 жылдың 01.06.2019 жылдың қорытындысы бойынша 282 адам грант алды.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 2983 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.06.2019 жылдың қорытындысы бойынша 2241 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 1430 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 504 адам (жоспар 538);

- жастар тәжiрибесiне 307 адам (жоспар 700) жiберiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 10.06.2019 08:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.06.2019 09:00
Қаралым саны: 157