Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 01.05.2019 жылдың

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2018 жылғы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 2,9 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 4158 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 58,8% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 275 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 226 адам (82,8%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 28 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1208 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 87 адам жұмысқа, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 9 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 48 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-12 адам, жастар тәжiрибесiне — 18 адам.

2019 жылдың 1 мамыр бойынша облыста 2906 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 28,3% (10 260) құрылды, оның iшiнде 2047 тұрақты жұмыс орын, оның iшiнде ауылдық жерлерде 978 жұмыс орын құрылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (440).

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 3680 адам жоспарлунуда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылады;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2490 адам қамтылады. 01.05.2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 674 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 2676 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 01.05.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1047 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4 млрд. теңге сомасына несие берiлдi;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 113,6 млн. теңге сомасында 450 грант беру. 2019 жылдың 01.05.2019 жылдың қорытындысы бойынша 163 адам грант алды.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 2779 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.05.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1765 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 1060 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 424 адам (жоспар 538);

- жастар тәжiрибесiне 281 адам (жоспар 496) жiберiлдi.

2019 жылдың 4 ай бойынша облыста 2906 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 28,3 % (10 260) құрылды, оның iшiнде 2047 тұрақты жұмыс орын, оның iшiнде ауылдық жерлерде 978 жұмыс орын құрылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (440).

Мақаланың шыққан күні: 10.05.2019 08:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.05.2019 09:00
Қаралым саны: 150