Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 01.04.2019 жылдың

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2018 жылғы 4 тоқсаны бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,1 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 2668 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 59,9% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 275 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 226 адам (82,2%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 22 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 947 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 392 адам жұмысқа, оның iшiнде қоғамдық жұмыстарға 28 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-9 адам, жастар тәжiрибесiне — 15 адам.

2019 жылдың 1 тоқсан бойынша облыста 1716 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 16,7 % (10 260) құрылды, оның iшiнде 1168 тұрақты жұмыс орын, оның iшiнде ауылдық жерлерде 601 жұмыс орын құрылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды (318).

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 3680 адам жоспарлунуда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылады;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2490 адам қамтылады. 01.04.2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 241 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 2340 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 01.04.2019 жылдың қорытындысы бойынша 583 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4 млрд. теңге сомасына несие берiлдi;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 113,6 млн. теңге сомасында 450 грант беру. 2019 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 14 адам грант алды.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 2781 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.04.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1237 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 651 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 356 адам (жоспар 538);

- жастар тәжiрибесiне 230 адам (жоспар 498) жiберiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 10.04.2019 08:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.04.2019 09:00
Қаралым саны: 144