Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмысқа орналастыру 01.03.2019 жылдың

2018 жылғы 4-тоқсанның қорытындылары бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%-ды, жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,1%-ды құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 1783 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң жалпы санына 67,5%-ды құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 478 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 175 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 130 адам (74,3%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 4 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 134 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 23 адам жұмысқа, оның iшiнде қоғамдық жұмыстарға 9 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына-4 адам, жастар тәжiрибесiне — 10 адам.

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 3680 адам жоспарлунуда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылады;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2490 адам қамтылады.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 2340 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 970 адамды қамтылады.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 920 азаматқа 3,2 млрд. теңге сомасына несие берiлдi;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 113,6 млн. теңге сомасында 450 грант беру.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 2781 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.03.2019 жылдың қорытындысы бойынша 902 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 478 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 255 адам (жоспар 538);

- жастар тәжiрибесiне 169 адам (жоспар 498) жiберiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2019 08:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.03.2019 09:00
Қаралым саны: 1103