Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
24-қосымша

"Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары және кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

3) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады;

4) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Орталық).

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге, порталға және Орталыққа құжаттардың топтамасын тапсырған күннен бастап — 15 минут;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: көрсетiлетiн қызметтi алушының атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн (не тиесiлi еместiгiн) растайтын анықтама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер" бөлiмiнде;

2) ауылдық округ әкiмiнде — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.";

3) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген жерi бойынша, жеделдетiп қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiнде көрсетiледi, портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады.

4) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзумен байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы;

5) Орталықта — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейiн;

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен 9.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Орталыққа не Мемлекеттiк корпорацияға: көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн).

көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат.

Көрсетiлген құжатта қамтылған ақпаратты мемлекеттiк ақпараттық жүйе растаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

Порталда:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Сұрау салуда көрсетiлген жеке басты куәландыратын құжаттың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi алушы "электрондық үкiметтiң" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Портал арқылы сұрау салған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрiнедi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайларда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Орталық 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануда осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына немесе Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына шағым берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация, Орталық қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация, Орталық басшысының атына берiледi. Мемлекеттiк корпорация кеңсесiне қолма-қол да, почта арқылы да келiп түскен шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызмет берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң, Орталықтың немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Орталықтың немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

. 13. Өзiне-өзi қызмет көрсетудi, өз бетiнше жүрiп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн заңнамада белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетiлетiн қызметтi алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiнгенде, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ "1414" Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары — www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 32 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 14:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 14:23
Қаралым саны: 1054