Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
37-қосымша

«Жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгi туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516(алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгi туралы анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

4. Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызмет берушiге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен бастап — 1 (бiр) жұмыс күнi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiде көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы қағаз түрдегi анықтама не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

7. Жеке тұлғаларға (бұдан әрi -көрсетiлетiн қызметтi алушы) мемлекеттiк қызмет тегiн негiзде көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейiн;

өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жүгiнген кезде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

электрондық өтiнiште көрсетiлген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi ұсынудан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушымен ұсынылған, құжаттардың және (немесе) олардағы мәлiметтердiң (деректердiң) дәйексiздiгi анықталған жағдайда бас тартады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану

11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануда осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының, не Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына шағым берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығының телефон нөмiрлерi арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижесi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң — www.enbek.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастарылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметiнiң байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген.

15. Бiрыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

Жүктеу (DOCX 35 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 09.04.2019 09:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.04.2019 09:31
Қаралым саны: 361