Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
22-қосымша

"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудi тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудi (бұдан әрi — жәрдемақы) тағайындау туралы ақпарат алу кезiнде www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға, порталға жүгiнген кезде — көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттардың топтамасын тiркеген сәттен бастап — 10 (он) жұмыс күнi;

порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшiн — электрондық сұрау салу келiп түскен сәттен бастап 30 минут;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 20 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Порталда жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қызмет алушының тiркелген жерi бойынша, жеделдетiп қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады;

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

Мемлекеттiк корпорацияға:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкiмiнiң анықтамасы);

3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

4) "Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10589 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша мүгедектiгi туралы анықтама;

5) банк шотының нөмiрi туралы мәлiметтердi растайтын құжат;

6) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактiсiн растайтын анықтамасы (бұдан әрi — анықтама);

Құжаттарды салыстырып тексеру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрлерiнде ұсынылады, одан кейiн түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады.

Порталға:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш сұрау салу;

2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшiрмесi;

3) оқу орнынан анықтаманың электрондық көшiрмесi.

Электрондық өтiнiште көрсетiлген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың, банк шотының нөмiрi туралы құжаттың, мүгедектiк туралы анықтаманың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға Мемлекеттiк корпорацияда тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрiнедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке өзi (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) келгенде жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Мемлекеттiк корпорацияда тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негiзiнде берiледi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтiнiштi қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

10-1. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай негiздер:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгiн белгiлеу;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тартады.

10-2. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Стандартта белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қайта жүгiнедi.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануда осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация басшысының атына немесе Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар және қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына шағым берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алатын мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi. Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiне қолма-қол да, почта арқылы да келiп түскен шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Өзiне-өзi қызмет көрсетудi, өз бетiнше жүрiп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн заңнамада белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетiлетiн қызметтi алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiнгенде, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен статусы туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, "1414" Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары — www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 26 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 14:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 14:06
Қаралым саны: 1254