Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 219 бұйрығына
2-қосымша

"Неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет cтандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — ЖАО) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мынадай баламалы негiзде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi;

2) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы" (бұдан әрi — портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) тiркеу некеге отыруға (ерлi-зайыпты болуға) ниет бiлдiрушiлердiң көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш берген күннен бастап бiр ай өткеннен кейiн жүргiзiледi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

некеге отыратын (ерлi-зайыпты болатын) адамдардың бiрлесе берген өтiнiшi бойынша тиiстi құжаттармен (жүктiлiк туралы дәрiгерлiк-бiлiктiлiк комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар) расталатын дәлелдi себептер болған кезде (жүктiлiгi, бала тууы, тараптардың бiрiнiң өмiрiне тiкелей қауiп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу орны бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр ай өткенге дейiн неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) тағайындайды не мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушылардың берген жазбаша өтiнiшi негiзiнде оны бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартады;

ерекше мән-жайлар (жүктiлiгi, бала тууы, тараптардың бiрiнiң өмiрiне тiкелей қауiп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) мемлекеттiк тiркеу некеге отыратын (ерлi-зайыпты болатын) адамдардың ниетi бойынша, себебi мен растайтын құжаттарды мiндеттi түрде көрсете отырып, өтiнiш берiлген күнi жүргiзiледi;

неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) салтанатты тiркеу рәсiмiнiң ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан аспауы тиiс;

азаматтық хал актiсiнiң жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш 7 (жетi) жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

порталда — неке (ерлi-зайыптылықты) тiркеу күнiн тағайындау туралы хабарлама алу — 1 (бiр) жұмыс күн.

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ күту уақыты — 20 (жиырма) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткiзгiштегi неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, енгiзiлген өзгерiстерiмен, толықтыруларымен және түзетулерiмен қоса қайталама неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiк не осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтiнiштi қабылдау және неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу күнiн белгiлеу туралы хабарлама не осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелдi жауап жолданады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiледi.

Неке қиюды мемлекеттiк тiркеу үшiн 1 (бiр) айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi — АЕК) мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

Некенi қию туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтiрумен байланысты куәлiк беру үшiн — 0,5 АЕК мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

Мемлекеттiк баж сомасы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 537-бабына сәйкес белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және заңдық маңызы бар iс-әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.

Мемлекеттiк баж мөлшерi мен төленген күнiн растайтын төлем құжатын беретiн банк мекемелерi арқылы төленедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

2) порталда — тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысанда некеге отыру (ерлi-зайыпты болу) туралы өтiнiш (бұдан әрi — өтiнiш);

2) мемлекеттiк қызметтi алушылардың жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);

3) мемлекеттiк баждың бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

шетелдiктер қосымша ұсынады:

4) некеге құқық қабiлеттiгi туралы анықтаманы;

5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiк Қазақстан еспубликасының iшкi iстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететiн құжатын ұсынады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзi тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында тiркелген құжатын ұсынады.

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

6) қажет болған жағдайда — өзi азаматы болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органынан некеге отыруға (ерлi-зайыпты болуға) рұқсаты.

Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген неке қиюды (ерлi-зайыпты болуды) тiркеу мерзiмiн қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде, мерзiмдi ұзартудың немесе қысқартудың негiзiн растайтын қосымша құжаттар: жүктiлiк туралы дәрiгерлiк-бiлiктiлiк комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген неке (ерлi-зайыпты болу) жасын төмендету қажет болған кезде, қосымша ұсынылады:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысанда неке (ерлi-зайыпты болу) жасын төмендету туралы өтiнiш;

2) белгiленген неке (ерлi-зайыпты болу) жасын төмендету қажеттiгiн растайтын құжаттар: жүктiлiк туралы дәрiгерлiк-бiлiктiлiк комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууы және әке болуды анықтау туралы куәлiктердiң көшiрмелерi (түпнұсқасы сәйкестендiру үшiн, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген балалардың куәлiктерiнен басқа);

3) заңды өкiлдердiң өкiлетiн растайтын құжаттар.

Бұрынғы некелерi (ерлi-зайыптылықтары) болған жағдайда, мәлiметтердi тексеру үшiн растайтын құжаттар ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттардың түпнұсқалылығын мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен ұсынылған мәлiметтермен салыстырып тексередi, содан кейiн түпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Порталда (Қазақстан Республикасы азаматтарының некесiн алғаш рет тiркеу үшiн):

1) көрсетiлетiн қызметтi алушылардың, некеге тұрушы екi адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептiк жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрi қосылған және тiркелген жағдайда, бiр рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтiнiш.

Неке (ерлi-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш;

2) неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) тiркеу туралы куәлiк, куәлiктiң түпнұсқасы жоғалған жағдайда — неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) тiркеу туралы анықтама;

3) өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу қажеттiгiн растайтын құжаттар;

4) мемлекеттiк баждың бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

5) өкiлдiң өкiлеттiктерiн растайтын құжат.

Өз құзiретi шегiнде және белгiленген нысан бойынша шет мемлекеттiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлген шет мемлекеттiң құзiреттi мекемесi не соған уәкiлеттi тұлғамен куәландырылған немесе берiлген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсiмiнен өткеннен кейiн ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы үзбелi талон берiледi.

10. Неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) тiркеуден бас тартуға:

1) бiр жынысты адамдар арасында;

2) ерлi-зайыптылардың бiреуi болса да басқа тiркелген некеде тұрағанда (ерлi-зайыптылықта болғанда);

3) жақын туыстардың арасында;

4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың арасында;

5) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша олардың бiреуi болса да психикалық ауру немесе ақыл-есi кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың арасында;

6) өкiл арқылы;

7) көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсыну фактiсi анықталған жағдайда;

8) егер тiркеушi орган некеде тұруға (ерлi-зайыпты болуға) кедергi келтiретiн мән — жайларды жасыру фактiлерiн анықтағанда немесе азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жалған мәлiметтердi хабарлағанда;

9) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгi анықталған кезде;

10) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректердiң және мәлiметтердiң "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң "Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзу, қалпына келтiру, күшiн жою тәртiбi қағидаларын бекiту туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10764 болып тiркелдi) талаптарына сәйкес келмегенде;

11) уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi келiсiмi туралы сұрау салуға берiлген терiс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудiң не тексерудiң терiс қорытындысы болған кезде өтiнiш берiлген жағдайда негiз болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi, көрсетiлетiн қызметтi алушы бюджетке төлеген алымның сомасын растайтын құжат (ЭҮПШ арқылы төленген жағдайда), сондай-ақ, егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, көрсетiлетiн қызметтi берушi азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшiрмелерi түрiнде ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-ға, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық тапсырған кезде округтердiң әкiмдерiне өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген тiркеу туралы белгi болып табылады;

2) портал арқылы тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесi және некенi (ерлi-зайыптылықты) тiркеу күнiн тағайындау туралы көрсетiледi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi

берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетiне

(әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне): шағым мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша басшыларының атына берiледi.

Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне шағым, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныштылық тәртiбiмен субъектiге тиiстi лауазымды адамның немесе субъектiнiң әрекеттерiне немесе шешiмiне жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi болған мерзiмнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектiнiң немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмнiң өтуiнiң себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздiң бiрi болуы мүмкiн.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiқ қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сотқа жүгiне алады.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, "электронды үкiмет" веб-порталы арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Тiркеушi органға, Министрлiкке қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оны тiркеу (тiркеу мөртабаны, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" жөнелткен кезде жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiшiн өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы, "электронды үкiмет" веб-порталы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда

көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне-өзi қызмет көрсетудi, өз бетiмен қозғалуды, бағдар алуды жүзеге асыру қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетiлетiн қызметтi алушыларға 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiну жолымен мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттiк қызмет берушiнiң интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ЭЦҚ болған немесе порталдың есептiк жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрi қосылған және тiркелген жағдайда, бiр рет қолданылатын парольды қолданған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетiмдiлiк режимiнде алады.

Жүктеу (DOCX 67 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 15:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 15:28
Қаралым саны: 852