Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 219 бұйрығына
1-қосымша

"Бала тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Бала тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — ЖАО) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мынадай баламалы негiзде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы" (бұдан әрi — портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға — 2 (екi) жұмыс күнi (қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

бала туылған күнiнен бастап үш жұмыс күнi өткеннен кейiн баланың тууы туралы өтiнiш берiлген жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында белгiленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 (үш) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде (қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

порталда — өтiнiштi қабылдағанын растау бөлiгiнде хабарлама алу — 1 (бiр) жұмыс күн;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн рұқсат берiлген ең ұзақ күту уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткiзгiштегi туу туралы куәлiк, енгiзiлген өзгерiстерiмен, толықтыруларымен және түзетулерiмен қоса туу туралы қайталама куәлiк не осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен көзделген негiздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" қызметтi көрсетушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi берiлетiн күнiнiң белгiленгенi туралы хабарлама не осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап жолданады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы/тегiн көрсетiледi.

1) тууды мемлекеттiк тiркеу тегiн көрсетiледi.

2) туу туралы акт жазбасының өзгертiлуiне, толықтырылуына, түзетiлуiне және қалпына келтiрiлуiне байланысты куәлiк бергенi үшiн 0,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

Мемлекеттiк баж сомасы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 537-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледi және заңдық маңызы бар iс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.

Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк баж мөлшерi мен төленген күнiн растайтын төлем құжатын беретiн банк мекемелерi арқылы төленедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

2) Мемлекеттiк корпорацияда — еңбек заңнамасына сәйкес және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет "электрондық" кезек тәртiбiмен, ата-анасының бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша немесе баланың туған жерi бойынша, жеделдетiп қызмет көрсетусiз көрсетiледi, электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады.

3) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде тууды тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы тууды тiркеу туралы өтiнiш (бұдан әрi — өтiнiш);

2) ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенiмхат бойынша өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);

3) ата-анасының неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн некенi тiркеген тұлғалар куәлiктiң көшiрмесiн ұсынбайды);

4) туу туралы медициналық куәлiгi немесе туу фактiсiн белгiлеу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариатта куәландырылған сенiмхат;

шетелдiктер қосымша:

6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебелерiне сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiк "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететiн көшi-қон карточкасын ұсынады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын, азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзi тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында тiркелген құжатын ұсынады.

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

Порталға жүгiнген кезде (тууды тiркеу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн):

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептiк жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрi қосылған және тiркелген жағдайда, бiр рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтiнiш;

2) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген құжаттар ұсынылмайды).

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, туу туралы медициналық куәлiк туралы, егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу жайлы куәлiктер туралы мәлiметтердi, көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Баланың туған күнiнен бастап үш жұмыс күнi өткеннен кейiн баланың тууы туралы өтiнiш берiлген жағдайда мыналар:

1) ата-анасының түсiнiктемесi;

2) баланың туған жерi мен ата-анасының тұрғылықты жерi бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тiркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн туылған балалардан басқа);

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушысының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) жүгiнген кезден бастап 7 (жетi) жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiлген (Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған екi айға жетпеген балаларды қоспағанда) баланың тұратын жерi бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариат куәландырған сенiмхат қоса берелдi.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi немесе Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың көшiрмелерiн тексередi, одан кейiн түпнұсқаларын көрсетiлетiн қызметтi берушiге қайтарады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу жайлы куәлiктер туралы мәлiметтердi, көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысанда өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);

3) туу туралы куәлiк, куәлiктiң түпнұсқасы жоғалған жағдайда — тууды тiркеу туралы анықтама;

4) өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудiң қажеттiгiн растайтын құжаттар;

5) мемлекеттiк баждың бюджетке төленгенiн растайтын құжат немесе салық жеңiлдiктерiн беру үшiн негiз болып табылатын құжат;

6) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенiмхат.

Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн Қазақстан Республикасының тiркеушi органдарында тiркеген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiштерi Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тiркеушi органға берiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiм бередi.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшiрмелерi түрiнде табыс етiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды берген кезде, өтiнiштiң қабылданғанын растайтын:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiнде қағаз түрiнде құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген тiркеу туралы белгi;

2) портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесi және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi көрсетiледi.

3) Мемлекеттiк корпорацияда сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берiлетiн күн, уақыт және орны, құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушының (немесе нотариатта куәландырылған сенiмхат бойынша өкiлiнiң) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан соң көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде, көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға табыс ету үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

9-1. Он жасқа толған баланың анкеталық деректерi өзгертiлетiн болса, оның жазбаша түрдегi келiсiмi қосымша ұсынылады.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректердiң және мәлiметтердiң "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң "Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзу, қалпына келтiру, күшiн жою тәртiбi қағидаларын бекiту туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10764 болып тiркелдi) талаптарына сәйкес келмеуi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат бередi.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды

тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң

мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне

(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне): шағым мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне шағым, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныштылық тәртiбiмен субъектiге тиiстi лауазымды адамның немесе субъектiнiң әрекеттерiне немесе шешiмiне жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi болған мерзiмнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектiнiң немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмнiң өтуiнiң себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздiң бiрi болуы мүмкiн.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, "электронды үкiмет" веб-порталы арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияға, Министрлiкке қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оны тiркеу (тiркеу мөртабаны, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" жөнелткен кезде жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiшiн өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi, "электронды үкiмет" веб-порталы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде не Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда

және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтiң

ерекшелiктерi ескерiлетiн өзге де талаптар

13. Тыныс-тiршiлiгiн шектейтiн кемiстiктерден организмiнiң функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiну жолымен мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттiк қызмет берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ЭЦҚ болған немесе порталдың есептiк жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрi қосылған және тiркелген жағдайда, бiр рет қолданылатын парольды қолданған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетiмдiлiк режимiнде алады.

Жүктеу (DOCX 40 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 15:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 15:56
Қаралым саны: 1051