A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 219 бұйрығына
5-қосымша

"Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — ЖАО) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мынадай баламалы негiзде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы" (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға — 7 (жетi) жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 7 (жетi) жұмыс күнi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

2) порталда — атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу күнiн тағайындау туралы хабарламаны алу — 1 (бiр) жұмыс күнi.

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ күту уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы куәлiк, туу туралы куәлiк (туу туралы акт жазбасын өзгерiстер енгiзiлген жағдайда), енгiзiлген өзгерiстермен, толықтырулармен және түзетулермен атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы қайталама куәлiк не осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша және жағдайларда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап.

Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" қызмет берушiнiң уәкiлеттi адамының ЭЦҚ қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтiнiштiң қабылданғаны және атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу күнiнiң тағайындалғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша және жағдайларда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелдi жауап жолданады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы көрсетiледi.

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу үшiн 2 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi — АЕК) мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiк бергенi үшiн 0,5 АЕК мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

Мемлекеттiк баж сомасы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 537-бабына сәйкес белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және заңдық маңызы бар iс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттарды берген орны бойынша есепке алынады.

Мемлекеттiк корпорацияда мемлекеттiк баж төлем мөлшерi мен төленген күнiн растайтын төлем құжатын беретiн банк мекемелерi арқылы төленедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүргiзiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау "электрондық" кезек тәртiбiмен көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрақты тұрғылықты жерi бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады.

3) порталда — тәулiк бойы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш (бұдан әрi — өтiнiш);

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

4) некенi (ерлi-зайыптылықты) қию туралы куәлiктiң көшiрмесi (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

5) егер көрсетiлетiн қызметтi алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

6) бала асырап алуды не әке болуды анықтау туралы куәлiктiң көшiрмесi, егер оларды тiркеу органдары тiркесе (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

7) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзiне некеге дейiнгi тегiн беру туралы өтiнiш жасаса, некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiктiң көшiрмесi (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген болса, куәлiктiң көшiрмесi ұсынылмайды);

8) көрсетiлетiн қызметтi алушының 3*4 см. көлемiндегi екi фотосуретi;

9) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк баждың бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

10) қажет болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруын өтiнуiне байланысты себептердi растайтын қосымша құжаттарды талап етедi.

Порталға жүгiнген кезде (егер көрсетiлетiн қызметтi алушы (некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзiне некеге дейiнгi тегiн беру туралы жүгiнген кезде):

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептiк жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрi қосылған және тiркелген жағдайда, бiр рет қолданатын парольмен куәландырылған электрондық өтiнiш;

2) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн тiркелген құжаттар ұсынылмайды).

Порталда электрондық өтiнiштi қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, құжаттардың электрондық көшiрмелерi түрiнде ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтер, көрсетiлетiн қызметтi алушымен бюджетке төленген алымның соммасын растайтын құжат (ЭҮПШ арқылы төленген жағдайда), сондай-ақ егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер туралы мәлiметтi көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);

3) азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзуге байланысты айырбастауға жататын азаматтық хал актiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы мен көшiрмесi, куәлiктiң түпнұсқасы жоғалған жағдайда — азаматтық хал актiсiн тiркеу туралы анықтама;

4) азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн негiздеменiң болуын растайтын құжат;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариат куәландырған сенiмхат.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi немесе Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың көшiрмелерiн тексередi, одан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға түпнұсқасын қайтарады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды беру кезiнде, өтiнiштiң қабылданғанын растайтын:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiнде қағаз түрiнде құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген тiркеу туралы белгi;

2) портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесi және атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу күнiн тағайындау туралы көрсетiледi;

3) Мемлекеттiк корпорацияда: сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күнi, уақыты және орны, құжаттарды ресiмдеуге қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң сақталуын бiр ай iшiнде қамтамасыз етедi, содан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн жолдайды.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылатын деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректердiң және мәлiметтердiң "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, "Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзу, қалпына келтiру, күшiн жою тәртiбi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10764 болып тiркелдi) талаптарына сәйкес келмеуi;

3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн талап етлетiн келiсiмi туралы сұрау салуға берiлген терiс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудiң не тексерудiң терiс қорытындысы;

4) атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды мемлекеттiк тiркеу үшiн өкiл арқылы жүгiнген кезде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат бередi.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың

лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе)

олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету

мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)

шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне шағымдану): шағым осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызмет берушiнiң басшысының атына берiледi.

Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне шағым, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныштылық тәртiбiмен субъектiге әрекеттiң жасалғаны не тиiстi лауазымды адамның немесе субъектiнiң шешiм қабылдағаны туралы жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi болған кезден бастап үш айдан кешiктiрiлмей берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектнiң немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмнiң өтуiнiң себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздiң бiрi болып табылуы мүмкiн.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияға, Министрстрлiкке қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оның тiркелуi (тiркеу мөртабаны, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiшiн өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы, "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Тұрмыс–тiршiлiгiн шектейтiн кемiстiгiне байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттiк корпорация қызметкерi 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiну жолымен мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттiк қызмет берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ЭЦҚ болған немесе порталдың есептiк жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрi қосылған және тiркелген жағдайда, бiр рет қолданатын парольдi қолданған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетiмдiлiк режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

Жүктеу (DOCX 35 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 15:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 15:49
Қаралым саны: 382

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz