Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
32-қосымша

Ескерту. 35-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Жұмыссыздар ретiнде жұмыс iздеп жүрген адамдарды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516(алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190(алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жұмыссыздар ретiнде жұмыс iздеп жүрген адамдарды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) жүзеге асырады.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi орган жұмыссыздар ретiнде жұмыс iздеп жүрген адамдарды тiркеу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап — 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға Халықты жұмыспен қамту орталығында құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға Халықты жұмыспен қамту орталығында қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушыны жұмыспен қамту орталығының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желiсiнiң абоненттiк құрылғысы арқылы жұмыссыз ретiнде тiркеу күнi туралы хабарландыруы не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша осы Стандартқа 10-қосымшаға сәйкес немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желiсiнiң абоненттiк құрылғысы арқылы жұмыссыз ретiнде жұмыс iздеп жүген адамды тiркеуден бас тарту туралы хабарлама.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Жеке тұлғаларға (бұдан әрi –көрсетiлетiн қызметтi алушы) мемлекеттiк қызмет тегiн негiзде көрсетiледi.

8. Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейiн;

өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру: сағат 12.30, 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00, 9.30-дан 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгiнген кезде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн).

Электрондық өтiнiште көрсетiлген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi ұсынудан мынадай:

1) он алты жасқа толмаған;

2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның iшiнде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кiрiс) әкелетiн өзге де ақы төленетiн жұмысы бар;

3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толған;

4) жұмысы мен табысының (кiрiсiнiң) жоқтығы туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да анық емес мәлiметтер ұсынған негiздер бойынша бас тартады.

3-тарау. Жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану

11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халықты жұмыспен қамту орталығының және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не халықты жұмыспен қамту орталығы немесе әкiмдiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Халықты жұмыспен қамту орталығының немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефон нөмiрлерi арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен шағымы, оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижесi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi органда тiркелген жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыс туралы ұсыныстар алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн ұсынылған лайықты жұмысқа келiсетiнi немесе одан бас тартатыны туралы жеке өзi жүгiнiп немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желiсiнiң абоненттiк құрылғысы арқылы хабардар етуге тиiс.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң — www.enbek.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметiнiң байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

Жүктеу (DOCX 24 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 15:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.04.2019 11:21
Қаралым саны: 1097