A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына 12-қосымша

"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi алушыға жүгiнген кезде — көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттардың топтамасын тiркеген сәттен бастап:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау — өтiнiштi тiркеген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнi;

алғашқы рет жүгiнген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға куәлiк беру — Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде;

куәлiктiң телнұсқасын беру — көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшi тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi;

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде өтемақы төлеу кестесiне сәйкес бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақыны (бұдан әрi — өтемақы) төлеу.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiмдi қабылдау үшiн қосымша сұрау салу, тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда 1 (бiр) айға ұзартылады;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiде көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 20 минут.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiде:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешiм;

2) куәлiктi немесе оның телнұсқасын беру;

Мемлекеттiк корпорацияда:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешiм;

2) куәлiктi немесе оның телнұсқасын беру;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;

4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет" бөлiмiнде орналастырылған;

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштер мен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру кестесi 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз "электрондық кезек" тәртiбiнде жүзеге асырылады;

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау "электрондық кезек" тәртiбiнде, көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген жерi бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады;

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн жүгiнген кезде осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтiнiштi (өтiнiштердi) және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

2) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

3) банк шоты туралы мәлiметтер немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шарт;

4) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттiк Халық депутаттары кеңестерiнiң, тұрғын үйдi пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамаларын; еңбек кiтапшасын; оқу орнын бiтiргенi туралы дипломды; әскери билеттi; туу туралы куәлiктi, орта бiлiм туралы аттестатты, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiктi), болған кезде — "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген куәлiк.

Егер осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактiлерiн және кезеңiн белгiлеу туралы соттың шешiмi ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты ұсынуы, оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алу мүмкiндiгi болған жағдайда талап етiлмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Мыналар көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттардың топтамасы қабылданғанын растайтын құжаттар болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — көрсетiлетiн қызметтi алушыны тiркеу және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон;

2) Мемлекеттiк корпорацияда — тиiстi құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат берiледi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

10-1. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай негiздер:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгiн белгiлеу;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлiк берудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңiлдiктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлiк беру ережесiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тартады.

10-2. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Стандартта белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қайта жүгiнедi.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi. Мемлекеттiк корпорация кеңсесiне қолма-қол да, почта арқылы да келiп түскен шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi, оның iшiнде

Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi

ескерiлген өзге де талаптар

13. Өзiне-өзi қызмет көрсетудi, өз бетiнше жүрiп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн заңнамада белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетiлетiн қызметтi алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiнгенде, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ "1414" Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары — www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген.

Жүктеу (DOCX 33 Kb)

Дата создания статьи: 24.07.2018 15:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 15:24
Қаралым саны: 175

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz