Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
26-қосымша

«Оралман мәртебесiн беру немесе ұзарту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516(алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Ескерту. 29-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 29.01.2016 № 68(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446(01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Оралман мәртебесiн беру немесе ұзарту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446(01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге не Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде — көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттардың толық топтамасын тiркеген күннен бастап — 5 (бес) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне курьердiң құжаттар топтамасын жеткiзудi қамтамасыз етуi және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi үшiн — 5 (бес) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiде көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 20 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: көрсетiлетiн қызметтi алушыға оралман куәлiгiн беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген жерi бойынша, жеделдетiп қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiнде көрсетiледi, портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес оралман мәртебесiн беру туралы өтiнiш пен мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өмiрбаян (еркiн нысанда);

2) өтiнiш берушiге, сондай-ақ отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына (бар болса) 3x4 сантиметр екi фотосурет;

3) қазақ немесе орыс тiлдерiндегi нотариат куәландырған аудармасымен өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2013 жылғы 22 шiлдедегi № 329-ӨМ-нiң бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8624 болып тiркелген) бекiтiлген Оралман мәртебесiн беру қағидаларының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген талаптарға өтiнiш берушiнiң сәйкестiгiн белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары (өмiрбаян мен фотосуреттердi қоспағанда) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы тармақта көзделген құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде (не құзыретiн растайтын құжат бойынша оның өкiлi) қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi өткенге дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей жеткiзудi қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсыну үшiн жiбередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10-1. Қызмет көрсетушi оралман мәртебесiн беруден:

1) "Халықтың көшi-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 13) тармағына үмiткер сәйкес келмеген;

2) этникалық қазақтардың оралман мәртебесiн алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгi белгiленген кезде

Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 16.10.2017 № 344(алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446(01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10-1. Қызмет көрсетушi оралман мәртебесiн беруден:

1) "Халықтың көшi-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 13) тармағындабекiтiлген шарттарға үмiткер сәйкес келмеген;

2) этникалық қазақтардың оралман мәртебесiн алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгi белгiленген кезде.

Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 25.12.2017 № 446(01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi. Мемлекеттiк корпорация кеңсесiне қолма-қол да, пошта арқылы да келiп түскен шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почталық байланыс жолымен немесе қолына көрсетiлетiн қызмет берушi, әкiмдiк немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен қызмет алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446(01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Өзiне-өзi қызмет көрсетудi, өз бетiнше жүрiп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн заңнамада белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетiлетiн қызметтi алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiнгенде, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

16. Алып тасталды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Жүктеу (DOCX 31 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 09.04.2019 09:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.04.2019 09:26
Қаралым саны: 599