Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
20-қосымша

"Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде құжаттардың топтамасын тiркеген сәттен бастап — 14 (он төрт) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын ұсынады;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут, көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 30 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут, көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 30 минут;

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету мерзiмiн көрсете отырып, құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, күн сайын түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, қызмет алушының тiркелген орны бойынша электрондық кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе оның заңды өкiлi немесе медициналық ұйым қолдаухат берген кезде) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға мынадай құжаттарды:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi бар жеке басын растайтын құжатты (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

3) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны;

4) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрменi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);

5) зейнеткерлiк жастағы адамдар үшiн — зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесiн;

6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар үшiн — Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегi және оларға теңестiрiлген адам мәртебесiн растайтын куәлiктiң көшiрмелерi;

7) балалар үшiн — психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшiрмесiн ұсынады.

Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы) құжаттар туралы, мүгедектiк туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация уәкiлеттi лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармақта көзделген барлық құжаттарды тапсырған кезде:

Мемлекеттiк корпорацияда — тиiстi құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат берiледi;

көрсетiлетiн қызметтi берушiде — тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiнiң бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн ұсынады. Көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр ай өткен соң жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы стандарттың осы тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға бас тарту себептерiн көрсете отырып жауап жiбередi.

Мыналар:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгiн белгiлеу;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11038 болып тiркелген) бекiтiлген Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тарту үшiн негiздемелер болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

12. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылар болып табылатын бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзiне-өзi қызмет көрсетуге қабiлетсiз адамдарға медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң әлеуметтiк қызметкерiнiң жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен статусы туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, Бiрыңғай байланыс орталығы "1414", 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

Жүктеу (DOCX 37 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 15:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 15:06
Қаралым саны: 874