A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
14-қосымша

"Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде — құжаттар топтамасын тiркеген сәттен бастап — 10 (он) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей ұсынады;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут, көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 30 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут, көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдар ұсыну мерзiмдерi көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау электрондық кезек тәртiбiнде, жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;

2) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендiру үшiн) ұсынады.

Тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын, мүгедектiгi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация уәкiлеттi лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Ақпараттық жүйелерде көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерi болмаған жағдайда өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:

1) еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиға туралы актiнiң және жұмыс берушi-жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшiрмелерi — жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедек өтiнiш берген кезде;

2) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндiнiң көшiрмесi.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар өтiнiшке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегiнiң немесе жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегiне теңестiрiлген адамның куәлiгiн қоса бередi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушiге қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға қажеттi барлық құжаттарды тапсырған кезде:

Мемлекеттiк копорацияда — тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiде — тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсыну үшiн жiбередi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгiн белгiлеу;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10370 болып тiркелген) бекiтiлген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

Мемлекеттiк корпорация, көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға себептерi көрсетiлген жауап жiбередi.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының (Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады.

2) Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорацияның басшысына жiберiледi.

Қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiне келiп түскен шағымды қабылдауды растау оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатта қойылады) болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, әкiмдiктiң және Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

12. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылар болып табылатын бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң әлеуметтiк қызметкерiнiң жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен статусытуралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, "1414", 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

Жүктеу (DOCX 36 Kb)

Дата создания статьи: 24.07.2018 14:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 14:49
Қаралым саны: 158

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz