Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Тұрғын үй көмегін тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2015 жылғы 9 сәуiрдегi
№ 319 бұйрығына
1-қосымша

"Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) "электрондық үкiметтiң www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Порталға өтiнiш берген кезде мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — күнтiзбелiк 10 (он) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқcат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрi — хабарлама) немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк кызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.

Порталда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiмен мемлекеттiк қызметтi алушының тiркелген орны бойынша көрсетiледi, көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады;

2) порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiш жасаған кезде, өтiнiштердi қабылдауды және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн берудi келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн түпнұсқасы ұсынылады);

отбасының кiрiсiн растайтын құжаттар (тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алынған мәлiметтердi қоспағанда);

тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоттар;

коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;

телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;

жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот;

2) порталда:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесi;

тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоттардың электрондық көшiрмесi;

коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттардың электрондық көшiрмесi;

телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шоттың немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың электрондық көшiрмесi;

жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шоттың электрондық көшiрмесi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын; тұрғын үйге тiркелген құқықтары туралы құжаттар туралы мәлiметтер; мекенжай анықтамасы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыстар; кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыстар; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер түрiндегi табыстар; азаматтың жұмыссыз мәртебесiн растайтын құжат қызмет берушiге тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" арқылы берiледi.

Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн тұпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға Мемлекеттiк корпорация ұсынған нысан бойынша келiсiмiн бередi.

Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) жеке басын растайтын құжат ұсынылған кезде қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженiң сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талап етiлмеген құжаттарды уәкiлеттi органға жiберу тiзiлiмiмен көрсетiлетiн қызметтi алушыға одан әрi сақтау үшiн бередi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

Портал арқылы өтiнiш жасаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетуге арналған сұратудың қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, хабарлама жiберiледi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау негiзiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлген қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы пошта бойынша немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысына жiберiледi.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымның Мемлекеттiк корпорация кеңсесiнде қабылданғанын растау оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, тиiстi жергiлiктi атқарушы органның атына немесе Мемлекеттiк корпорацияға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, тиiстi жергiлiктi атқарушы органның кеңсесiнде немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк оның iшiнде электрондық нысанда және мемлекеттiк

корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып

қойылатын өзге де талаптар

13. Тыныс-тiршiлiгiн шектейтiн, ағза функциясының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды, Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөмiрiне жүгiну арқылы тұрғылықты жерiне шығумен Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi жүргiзедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — www.mid.gov.kz;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдың "жеке кабинетi" арқылы, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтер, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414. 

Жүктеу (DOCX 33 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 14:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 14:32
Қаралым саны: 1361