Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
21-қосымша

"Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

2) кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi);

3) мүгедектер мен әлеуметтiк маңызды аурулары бар адамдар — www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) құжаттардың топтамасын көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ауылдық округ әкiмiне тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 8 (сегiз) жұмыс күнi;

Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген не олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды ұсыну мүмкiндiгi болмаған жағдайларда — 20 (жиырма) жұмыс күнi;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: әлеуметтiк көмек тағайындау туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Порталда әлеуметтiк көмек тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ әлеуметтiк көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған;

2) ауылдық округ әкiмiнде — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi;

3) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажеттi дербес деректердi жинауға және өңдеуге келiсетiнi көрсетiлген еркiн нысандағы өтiнiштi және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ауылдық округ әкiмiне:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

3) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер;

4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтер;

5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттар түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Порталға:

мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн өтiнiш;

мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы ақпарат алу үшiн — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Электрондық өтiнiште көрсетiлген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың, мүгедектiктi растайтын құжаттың, адамда әлеуметтiк маңызды аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi алушы "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiде немесе ауылдық округ әкiмiнде — тiркелген күнi мен мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi;

портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрiнедi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды

адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)

шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс орталығының "1414" телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi, оның iшiнде

электрондық нысанда көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып

қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

13. Мүгедектердiң және әлеуметтiк маңызды аурулары бар адамдардың ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинетi", көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы "1414" арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

Жүктеу (DOCX 25 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018 14:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 14:38
Қаралым саны: 690