A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығына
15-қосымша

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк қызмет).

2. Мемлекеттiк қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлендi.

3. Мемлекеттiк қызмет Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — қызмет көрсетушi) көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiштi қабылдау және нәтижесiн беру:

1) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекеме (бұдан әрi — Орталық);

2) тұрғылықты жерi бойынша Орталық болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Орталыққа жүгiнген кезде — құжаттар пакетiн тiркеген сәттен бастап 7 (жетi) жұмыс күнi;

құжаттар пакетiн ауылдық округ әкiмiне тапсырған сәттен бастап 22 (жиырма екi) жұмыс күнi;

2) Орталықта, ауылдық округ әкiмiнде құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң ең ұзақ шектi уақыты — 30 минут;

3) Орталықта, ауылдық округ әкiмiнде қызмет көрсетудiң ең ұзақ шектi уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — қызмет алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Орталықта — сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ғе дейiн.

2) ауылдық округ әкiмiнде — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден жұма күнiн қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштi қабылдау және нәтиже беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

9. Қызмет алушы (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi және мынадай құжаттарды ұсынады:

Орталыққа, ауылдық округ әкiмiне:

1) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (паспорт), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, босқынның куәлiгi), ал оралмандарға — сәйкестендiру үшiн оралман куәлiгi;

2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы мәлiметтер;

3) атаулы әлеуметтiк көмек төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы банктiк шот нөмiрi туралы мәлiметтер;

4) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылдың 13 тамызына дейiн жүргiзiлген тiркеулер бойынша баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлiгi;

5) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдың 1 маусымына дейiн жүргiзiлген тiркеулер бойынша — баланың туу туралы куәлiгiндегi деректерге өтiнiш берушiнiң деректерi сәйкес келмеген жағдайда некенiң қиылуын (бұзылуын) тiркеу туралы куәлiк;

6) он сегiзден жиырма үш жасқа дейiнгi асырауындағы адамдар орта, техникалық және кәсiби, ортаңғыдан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында, жоғарғы оқу мекемелерiнде күндiзгi оқу нысанында оқитын болса "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымнан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 223 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан жылына бiр рет сұратылатын анықтама.

Жұмыспен қамтудың белсендi iс-шараларына тартылатын еңбекке қабiлеттi отбасы мүшелерi мынадай құжаттарды қоса бередi:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде № 11342 тiркелдi) бекiтiлген "Жұмыс iздеп жүрген адамдарды тiркеу" мемлекеттiк қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс iздеп жүрген адам ретiнде тiркеуге өтiнiш;

2) еңбек қызметiн растайтын құжат (бар болса);

3) бiлiмi, бiлiктiлiгi, арнайы бiлiмi немесе кәсiби дайындығы туралы құжат (бар болса).

Он алты жасқа толмаған тұлғаның атынан еңбек қызметiн жүзеге асыруға ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң бiреуiнiң келiсiмi туралы еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш берiледi;

Құжаттар өтiнiш берушiмен салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда ұсынылады.

Әкiмде немесе Орталықта ақпараттық жүйелерге қатынау болмаған немесе ақпараттық жүйелердегi мәлiметтер сәйкессiз (жоқ) болған жағдайда өтiнiш берушi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттармен қоса:

1) отбасының әрбiр мүшесiне тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

2) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейiн жүргiзiлген тiркеулер бойынша баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлiгi;

3) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейiн жүргiзiлген тiркеулер бойынша — өтiнiш берушiнiң деректерi бала туу туралы куәлiгiндегi деректерге сәйкес келмеген жағдайда некенi тiркеу (некенi бұзу) туралы куәлiгi;

4) қорғаншылық (қамқоршылық) белгiленген немесе бала асырап алған жағдайда — қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;

5) мүгедектiк белгiленген жағдайда — мүгедектiк белгiлеу туралы анықтама;

6) жеке кәсiпкер статусын растайтын құжат.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде Орталық, ауылдық округ әкiмi ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалану үшiн көрсетiлетiн қызмет алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Барлық қажеттi құжаттарды ұсынған кезде қызмет алушыға:

Орталықта, ауылдық округ әкiмiнде — тiркеу күнi мен мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты-жөнi көрсетiлген өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi.

10. Қызмет көрсетушi мынадай негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тартады:

1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгi анықталса;

2) Қызмет алушының және (немесе) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректер мен мәлiметтердiң "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11425 тiркелген) бекiтiлген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларымен орнатылған талаптарға сәйкессiздiгi анықталса.

Қызмет алушы осы мемлекеттiк қызмет стандартының 9-тармағымен қарастырылған тiзбеге сәйкес толық емес құжаттар пакетiн және (немесе) әрекет ету мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Орталықтың және ауылдық округ әкiмiнiң қызметкерi осы мемлекеттiк қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтiнiш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерiнiң көрсетiлетiн шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша, шағымдануда осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына шағым берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Шағымның қабылданғанын расталғаны көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе, немесе әкiмдiктiң (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi), аты-жөнiн көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның орны мен мерзiмi, берiлген шағымға жауап алу болып табылады.

Қызметкерi дұрыс емес қызмет көрсеткен жағдайда Орталықтың басшысының атына шағым берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң, Мемлекеттiк корпорацияның немесе ауылдық округ әкiмiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған;

13. Қызмет алушының көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету статусы туралы қызмет көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777 арқылы ақпарат алу мүмкiндiгi бар.

Жүктеу (DOCX 38 Kb)

Дата создания статьи: 24.07.2018 14:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 14:29
Қаралым саны: 163

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz