A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.10.2017 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

2017 жылғы 1 қазанға облыста әлеуметтiк төлемдердi жалпы сомасы 884 104,6 мың теңгеге 38 220 қызмет алушыларына тағайындалды,олардың iшiнде 38 184 адамға 864 479,4 мың теңге төлендi,олардың iшiнде:

- АӘК -10 447,3 мың теңге сомасына 112 отбасы 441 адам;

- МБЖ — 74 286,8 мың теңге сомасына 1959 отбасы 5790 бала;

- МБМҚЕ -9919,1 мың теңге сомасына 320 мүгедек-бала;

- ТҰК -39 799,9 мың теңге сомасына 1788 отбасы 2574 адам;

- Қосымша көмек — 69 655,6 мың теңге сомасына 3286 адам;

- Жергiлiктi өкiлдiк органдардың шешiмi бойынша мұқтажды азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 612 309,1 мың теңге сомасына 24 406 адам;

- ШАК-48 061,6 мың теңге сомасына 472 отбасы 2170 адам.

Атаулы әлеуметтiк көмек үшiн 135 отбасы өтiнiшпен жүгiндi, оның iшiнде 603 адам. Атаулы әлеуметтiк көмек 118 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 464 адам, 112 отбасыға төлендi, оның iшiнде 441 адам.

Жұмыспен қамтудың қабылданған белсендi шаралары аз қамтамасыз етiлгендердiң санынан кедейлiк шегiне дейiнгi табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларды шығаруға мүмкiндiк бердi.

Осылайша, облыстың 11 аудандарында осы жәрдемақыны алушылары жоқ (Ақкөл, Астрахан, Егiндiкөл, Еңбекшiлдер, Ерейментау, Есiл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарда).

АӘК алушылардың санынан еңбекке қабiлеттi азаматтардың саны 125 адам құрайды, соның iшiнде күтiммен айналысатын адамдар 78 адам (16,8 %). Олардың iшiнде 3 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатындар — 61 адам, 3 жастан 7 жасқа дейiнгi -17 адам.

Қазiргi уақытта жұмыспен қамту бөлiмдерiмен «Өрлеу» жобасына 3 жастан 7 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатын адамдарды тарту және жұмысқа орналастыру бойынша мәселесi қарастырылуда.

3 жасқадейiнгi бала күтiмiмен айналысатынадамдардың басқа контингентiмен одан әрi жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi туралы түсiнiк жұмысы жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, адамдардың осы санаттарына жұмыспен қамтудың белсендi шараларын қолдану мүмкiндiгi туралы АӘК алушылардың санынан жұмыссыз азаматтар бойынша толық талдау жүргiзiлуде.

18 жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк балалар жәрдемақысы 5638 адамға тағайындалды, 5790 адамға төлендi. Жәрдемақы алушы балалардың ең көп саны ауылдық жерлерде тұрады, бұл 62,7 % құрайды.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмегi 328 адамға тағайындалды, 320 балаға төлендi.

Тұрғын үй көмегi 1812 отбасыға тағайындалды (2633 адам), 1788 отбасыға төлендi (2574 адам).

«Өрлеу» жобасы бойынша жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын 476 отбасы немесе 2170 адам жасады (жалпы жоспардан 112,1 % — 1935 адам).

ШАК 2170 қызмет алушыға тағайындалды, 2153 қызмет алушыға төлендi.

2016 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда отбасыны жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын жасаған отбасылар 23 немесе 193 адамға көбейдi (453 отбасы 1977 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына 539 адам тартылды немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабiлеттi қатысушыларының (614 адам) жалпы санынан 87,8 %,соның iшiнде:

 — тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды — 348 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 64,6 %);

-дамыту бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтуды жаппай кәсiпкерлiктi жұмысқа орналастырылды- 191 адам, оның iшiнде:

 — тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды — 11 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 2,0 %);

 — қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтiк жұмыс орындарына жолданды — 151 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 28,0 %);

 — қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жолданды — 29 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 5,4 %).

Дата создания статьи: 16.11.2017 16:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 16:52
Қаралым саны: 392

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: akmout@mail.online.kz