A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.07.2017 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

Облыста әлеуметтiк төлемдердi жалпы сомасы 638 163,4 мың теңгеге 26 048 астам қызмет алушылары алады,олардың iшiнде:

- АӘК -7954,0 мың теңге сомасына 102 отбасы 407 адам;

- МБЖ — 52 116,8 мың теңге сомасына 1654 отбасы 4896 бала;

- МБМҚЕ -8652,3 мың теңге сомасына 306 мүгедек-бала;

- ТҰК -38130,9 мың теңге сомасына 1762 отбасы 2511 адам;

- Қосымша көмек -53245,3 мың теңге сомасына 3227 адам;

- Жергiлiктi өкiлдiк органдардың шешiмi бойынша мұқтажды азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 451 822,1 мың теңге сомасына 13 726 адам;

- ШАК- 26 242,0 мың теңге сомасына 383 отбасы 1724 адам.

Атаулы әлеуметтiк көмек үшiн 114 отбасы өтiнiшпен жүгiндi, оның iшiнде 460 адам. Атаулы әлеуметтiк көмек 102 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 407 адам, 99 отбасыға төлендi, оның iшiнде 395 адам.

Жұмыспен қамтудың қабылданған белсендi шаралары аз қамтамасыз етiлгендердiң санынан кедейлiк шегiне дейiнгi табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларды шығаруға мүмкiндiк бердi.

Осылайша, облыстың 11 аудандарында осы жәрдемақыны алушылары жоқ (Ақкөл, Астрахан, Егiндiкөл, Еңбекшiлдер, Ерейментау, Есiл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарда).

АӘК алушылардың санынан еңбекке қабiлеттi азаматтардың саны 111 адам құрайды, соның iшiнде күтiммен айналысатын адамдар 75 адам (18,4 %). Олардың iшiнде 3 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатындар — 60 адам, 3 жастан 7 жасқа дейiнгi -15 адам.

Қазiргi уақытта жұмыспен қамту бөлiмдерiмен «Өрлеу» жобасына 3 жастан 7 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатын адамдарды тарту және жұмысқа орналастыру бойынша мәселесi қарастырылуда.

3 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатынадамдардың басқа контингентiмен одан әрi жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi туралы түсiнiк жұмысы жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, адамдардың осы санаттарына жұмыспен қамтудың белсендi шараларын қолдану мүмкiндiгi туралы АӘК алушылардың санынан жұмыссыз азаматтар бойынша толық талдау жүргiзiлуде.

18 жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк балалар жәрдемақысы 4896 адамға тағайындалды, 5012 адамға төлендi. Жәрдемақы алушы балалардың ең көп саны ауылдық жерлерде тұрады, бұл 61,6 % құрайды.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмегi 306 адамға тағайындалды, 306 балаға төлендi.

Тұрғын үй көмегi 1762 отбасыға тағайындалды (2511 адам), 1712 отбасыға төлендi (2431 адам).

«Өрлеу» жобасы бойынша жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын 383 отбасы немесе 1724 адам жасады (жалпы жоспардан 89,1 % — 1935 адам).

ШАК 1724 қызмет алушыға тағайындалды, 1621 қызмет алушыға төлендi.

2016 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда отбасыны жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын жасаған отбасылар 109 немесе 550 адамға көбейдi (274 отбасы 1174 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына 430 адам тартылды немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабiлеттi қатысушыларының (496 адам)жалпы санынан 86,7 %,соның iшiнде:

- тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды -270 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 62,8 %);

- қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтiк жұмыс орындарына жолданды — 126 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 29,3 %);

- дамыту бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтуды жаппай кәсiпкерлiктi жұмысқа орналастырылды- 20 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 4,6 %);

- қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жолданды — 14 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 3,3 %).

Отбасыға көмектiң жеке жоспарына сәйкес «Өрлеу» жобасы бойынша халықтың нысаналы топтарын мерзiмдi скринингтiк байқаудан өту көзделдi.

Сонымен, облыс бойынша ШАК 418 көмек алушылары скринингтiк байқаудан өттi.

Көмекшiлермен 2017 жылдың 1 шiлдесiне 35 929 отбасылармен ақпараттық — түсiнiк жұмысы жүргiзiлдi (125 443 адам), олардың iшiнде жобаның қатысушылары 383 отбасы болды (1724 адам).

Дата создания статьи: 16.11.2017 17:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 17:02
Қаралым саны: 405

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: akmout@mail.online.kz