A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.04.2017 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

Облыста әлеуметтiк төлемдердi жалпы сомасы 173 911,2 мың теңгеге 13 400 астам қызмет алушылары алады,олардың iшiнде:

- АӘК — 4219,9 мың теңге сомасына 88 отбасы 343 адам;

- МБЖ — 25344,8 мың теңге сомасына 1288 отбасы 3842 бала;

- МБМҚЕ -5110,5 мың теңге сомасына 304 мүгедек-бала;

- ТҰК -29920,6 мың теңге сомасына 1576 отбасы 2256 адам;

- Қосымша көмек -29920,6 мың теңге сомасына 2815 адам;

- Жергiлiктi өкiлдiк органдардың шешiмi бойынша мұқтажды азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 80107,4 мың теңге сомасына 3986 адам;

- ШАК- 4938,6 мың теңге сомасына 131 отбасы 600 адам.

Атаулы әлеуметтiк көмек үшiн 94 отбасы өтiнiшпен жүгiндi, оның iшiнде 360 адам. Атаулы әлеуметтiк көмек 88 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 343 адам, 84 отбасыға төлендi, оның iшiнде 326 адам.

Жұмыспен қамтудың қабылданған белсендi шаралары аз қамтамасыз етiлгендердiң санынан кедейлiк шегiне дейiнгi табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларды шығаруға мүмкiндiк бердi.

Осылайша, облыстың 11 аудандарында осы жәрдемақыны алушылары жоқ (Ақкөл, Астрахан, Егiндiкөл, Еңбекшiлдер, Ерейментау, Есiл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарда).

АӘК алушылардың санынан еңбекке қабiлеттi азаматтардың саны 95 адам құрайды, соның iшiнде күтiммен айналысатын адамдар 70 адам (20,4 %). Олардың iшiнде 3 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатындар — 55 адам, 3 жастан 7 жасқа дейiнгi -15 адам.

Қазiргi уақытта жұмыспен қамту бөлiмдерiмен «Өрлеу» жобасына 3 жастан 7 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатын адамдарды тарту және жұмысқа орналастыру бойынша мәселесi қарастырылуда.

3 жасқадейiнгi бала күтiмiмен айналысатынадамдардың басқа контингентiмен одан әрi жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi туралы түсiнiк жұмысы жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, адамдардың осы санаттарына жұмыспен қамтудың белсендi шараларын қолдану мүмкiндiгi туралы АӘК алушылардың санынан жұмыссыз азаматтар бойынша толық талдау жүргiзiлуде.

18 жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк балалар жәрдемақысы 3842 адамға тағайындалды, 3979 адамға төлендi. Жәрдемақы алушы балалардың ең көп саны ауылдық жерлерде тұрады, бұл 59,8 % құрайды.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмегi 304 адамға тағайындалды, 226 балаға төлендi.

Тұрғын үй көмегi 1576 отбасыға тағайындалды (2256 адам), 1520 отбасыға төлендi (2184 адам).

«Өрлеу» жобасы бойынша жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын 131 отбасы немесе 600 адам жасады (жалпы жоспардан 31,0 % — 1935 адам).

ШАК 600 қызмет алушыға тағайындалды, 544 қызмет алушыға төлендi.

2016 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда отбасыны жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын жасаған отбасылар 32 немесе 180 адамға көбейдi (99 отбасы 420 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына 146 адам тартылды немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабiлеттi қатысушыларының (157 адам)жалпы санынан 92,9 %,соның iшiнде:

- тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды -101 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 69,2 %);

- қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтiк жұмыс орындарына жолданды — 41 адам(жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 28,1 %);

-дамыту бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтуды жаппай кәсiпкерлiктi жұмысқа орналастырылды-4 адам(жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 2,7 %).

Отбасыға көмектiң жеке жоспарына сәйкес «Өрлеу» жобасы бойынша халықтың нысаналы топтарын мерзiмдi скринингтiк байқаудан өту көзделдi.

Сонымен, облыс бойынша ШАК 90 көмек алушылары скринингтiк байқаудан өттi.

Көмекшiлермен 2017 жылдың 1 сәуiрдегi 16 112 отбасылармен ақпараттық — түсiнiк жұмысы жүргiзiлдi (56 644 адам), олардың iшiнде жобаның қатысушылары 131 отбасы болды (600 адам).

Мақаланың шыққан күні: 16.11.2017 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 17:11
Қаралым саны: 662

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz