A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.02.2017 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

Облыста әлеуметтiк төлемдердi жалпы сомасы 40612,1 мың теңгеге 4000 астам қызмет алушылары алады,олардың iшiнде:

- АӘК — 1173,5 мың теңге сомасына 71 отбасы 259 адам;

- МБЖ — 5411,3 мың теңге сомасына 769 отбасы 2279 бала;

- МБМҚЕ — 1427,4 мың теңге сомасына 172 мүгедек-бала;

- ТҰК -11439,0 мың теңге сомасына 1133 отбасы 1510 адам;

- Қосымша көмек — 8450,7 мың теңге сомасына 207 адам;

- Жергiлiктi өкiлдiк органдардың шешiмi бойынша мұқтажды азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 12513,0 мың теңге сомасына 418 адам;

- ШАК- 197,2 мың теңге сомасына 9 отбасы 39 адам.

Атаулы әлеуметтiк көмек үшiн 76 отбасы өтiнiшпен жүгiндi, оның iшiнде 271 адам. Атаулы әлеуметтiк көмек 71 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 259 адам, 4 отбасыға төлендi, оның iшiнде 19 адам.

Жұмыспен қамтудың қабылданған белсендi шаралары аз қамтамасыз етiлгендердiң санынан кедейлiк шегiне дейiнгi табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларды шығаруға мүмкiндiк бердi.

Осылайша, облыстың 11 аудандарында осы жәрдемақыны алушылары жоқ (Ақкөл, Астрахан, Егiндiкөл, Еңбекшiлдер, Ерейментау, Есiл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарда).

АӘК алушылардың санынан еңбекке қабiлеттi азаматтардың саны 78 адам құрайды, соның iшiнде күтiммен айналысатын адамдар 59 адам (22,8 %). Олардың iшiнде 3 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатындар — 45 адам, 3 жастан 7 жасқа дейiнгi — 14 адам.

Қазiргi уақытта жұмыспен қамту бөлiмдерiмен «Өрлеу» жобасына 3 жастан 7 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатын адамдарды тарту және жұмысқа орналастыру бойынша мәселесi қарастырылуда.

3 жасқадейiнгi бала күтiмiменайналысатынадамдардың басқа контингентiмен одан әрi жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi туралы түсiнiк жұмысы жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, адамдардың осы санаттарына жұмыспен қамтудың белсендi шараларын қолдану мүмкiндiгi туралы АӘК алушылардың санынан жұмыссыз азаматтар бойынша толық талдау жүргiзiлуде.

18 жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк балалар жәрдемақысы 2279 адамға тағайындалды, 1150 адамға төлендi. Жәрдемақы алушы балалардың ең көп саны ауылдық жерлерде тұрады, бұл 52,2 % құрайды.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмегi 172 адамға тағайындалды, 65 балаға төлендi.

Тұрғын үй көмегi 1133 отбасыға тағайындалды (1510 адам), 86 отбасыға төлендi (139 адам).

«Өрлеу» жобасы бойынша жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын 9 отбасы немесе 39 адам жасады (жалпы жоспардан 2,0 % — 1935 адам).

ШАК 39 қызмет алушыға тағайындалды, 19 қызмет алушыға төлендi.

Ауыспалы адамдарды есептегенде, шартты ақшалай көмегi 5,1 млн. теңге сомасына 960 қызмет алушыға тағайындалды, орташа көлемi 4868 теңгенi құрады.

2016 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда отбасыны жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын жасаған отбасылар 5 немесе 15 адамға азайды (15 отбасы 54 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына 9 адам тартылды немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабiлеттi қатысушыларының (10 адам)жалпы санынан 90,0 %,соның iшiнде:

- тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды -8 адам(жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 88,9 %);

- қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтiк жұмыс орындарына жолданды — 1 адам(жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 11,1 %);

Отбасыға көмектiң жеке жоспарына сәйкес «Өрлеу» жобасы бойынша халықтың нысаналы топтарын мерзiмдi скринингтiк байқаудан өту көзделдi.

Сонымен, облыс бойынша ШАК 5 көмек алушылары скринингтiк байқаудан өттi.

Көмекшiлермен 2017 жылдың 1 ақпанына 5313 отбасылармен ақпараттық — түсiнiк жұмысы жүргiзiлдi (18227 адам), олардың iшiнде жобаның қатысушылары 9 отбасы болды (39 адам).

Дата создания статьи: 17.11.2017 09:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2017 09:34
Қаралым саны: 455

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz