A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.01.2017 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

Облыста әлеуметтiк төлемдердi жалпы сомасы 817 826,6 мың теңгеге 53 000 астам қызмет алушылары алады,олардың iшiнде:

- АӘК — 18553,3 мың теңге сомасына 185 отбасы 713 адам;

- МБЖ — 107937,5 мың теңге сомасына 2530 отбасы 7130 бала;

- МБМҚЕ — 15733,4 мың теңге сомасына 370 мүгедек-бала;

- ТҰК — 59606,6 мың теңге сомасына 2469 отбасы 3743 адам;

- Қосымша көмек — 73592,1 мың теңге сомасына 3359 адам;

- Жергiлiктi өкiлдiк органдардың шешiмi бойынша мұқтажды азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 486080,7 мың теңге сомасына 35380 адам;

- ШАК- 56323 мың теңге сомасына 555 отбасы 2425 адам.

Атаулы әлеуметтiк көмек үшiн 212 отбасы өтiнiшпен жүгiндi, оның iшiнде 817 адам. Атаулы әлеуметтiк көмек 185 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 713 адам, 185 отбасыға төлендi, оның iшiнде 713 адам.

Жұмыспен қамтудың қабылданған белсендi шаралары аз қамтамасыз етiлгендердiң санынан кедейлiк шегiне дейiнгi табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларды шығаруға мүмкiндiк бердi.

Осылайша, облыстың 11 аудандарында осы жәрдемақыны алушылары жоқ (Ақкөл, Астрахан, Егiндiкөл, Еңбекшiлдер, Ерейментау, Есiл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарда).

АӘК алушылардың санынан еңбекке қабiлеттi азаматтардың саны 202 адам құрайды, соның iшiнде күтiммен айналысатын адамдар 127 адам (62,9 %). Олардың iшiнде 3 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатындар — 116 адам, 3 жастан 7 жасқа дейiнгi — 11 адам.

Қазiргi уақытта жұмыспен қамту бөлiмдерiмен «Өрлеу» жобасына 3 жастан 7 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатын адамдарды тарту және жұмысқа орналастыру бойынша мәселесi қарастырылуда.

3 жасқадейiнгi бала күтiмiменайналысатынадамдардың басқа контингентiмен одан әрi жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi туралы түсiнiк жұмысы жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, адамдардың осы санаттарына жұмыспен қамтудың белсендi шараларын қолдану мүмкiндiгi туралы АӘК алушылардың санынан жұмыссыз азаматтар бойынша толық талдау жүргiзiлуде.

18 жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк балалар жәрдемақысы 7130 адамға тағайындалды, 7140 адамға төлендi. Жәрдемақы алушы балалардың ең көп саны ауылдық жерлерде тұрады, бұл 59,7 % құрайды.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмегi 370 адамға тағайындалды, 367 балаға төлендi.

Тұрғын үй көмегi 2469 отбасыға тағайындалды (3743 адам), 2469 отбасыға төлендi (3743 адам).

«Өрлеу» жобасы бойынша жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын 555 отбасы немесе 2425 адам жасады (жалпы жоспардан 125,9 % — 1925 адам).

ШАК 2425 қызмет алушыға тағайындалды, 2425 қызмет алушыға төлендi.

Ауыспалы адамдарды есептегенде, шартты ақшалай көмегi 89,3 млн. теңге сомасына 3788 қызмет алушыға тағайындалды, орташа көлемi 2770 теңгенi құрады.

2015 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда отбасыны жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын жасаған отбасылар 170 немесе 742 адамға көбейдi (385 отбасы 1683 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына 644 адам тартылды немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабiлеттi қатысушыларының (722 адам)жалпы санынан 89,2 %,соның iшiнде:

- ЖҚЖК 2020 қатысушылары болды — 57 адам(жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 8,9 %);

- тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды -509 адам(жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 79,0 %);

- қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтiк жұмыс орындарына жолданды — 74 адам(жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 11,5 %);

- қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жолданды — 4 адам(жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 0,6 %).

Отбасыға көмектiң жеке жоспарына сәйкес «Өрлеу» жобасы бойынша халықтың нысаналы топтарын мерзiмдi скринингтiк байқаудан өту көзделдi.

Сонымен, облыс бойынша ШАК 674 көмек алушылары скринингтiк байқаудан өттi.

Көмекшiлермен 2017 жылдың 1 қаңтарына 73 069 отбасылармен ақпараттық — түсiнiк жұмысы жүргiзiлдi (233 481 адам), олардың iшiнде жобаның қатысушылары 555 отбасы болды (2425 адам).

Дата создания статьи: 17.11.2017 09:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2017 09:35
Қаралым саны: 550

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz