Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.08.2019 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

2019 жылғы 1 тамыз айына жағдай бойынша облыста әлеуметтiк төлемдер 83 497 адамға 3 490 450,9 мың теңге төлендi, олардың iшiнде:

- АӘК — 1 721 197,2 мың теңге сомасына 7 150 отбасы 35 596 адам;

- МБМҚЕ — 9 904,5 мың теңге сомасына 309 мүгедек-бала;

- ТҮК — 33 382,2 мың теңге сомасына 1 091 отбасы 1 894 адам;

- Қосымша көмек — 1 344 404,0 мың теңге сомасына 31 580 адам;

-Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 381563 мың теңге сомасына 14 118 адам;

Атаулы әлеуметтiк көмек 7 620 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 37 774 адамға, 7 150 отбасыға төлендi, оның iшiнде 35 596 адам.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмек 310 адамға тағайындалды, 309 балаға төлендi.Тұрғын үй көмегi 1101 отбасыға тағайындалды (1915 адам), 1091 отбасыға төлендi (1894 адам).

Мақаланың шыққан күні: 14.11.2019 15:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.08.2019 09:00
Қаралым саны: 162