Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.06.2019 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 2223715,5 мың теңге жалпы сомасындағы әлеуметтiк төлемдер 67 439 қызмет алушыға тағайындалды, олардың iшiнде 58 907 адамға 2007401,3 мың теңге төлендi, олардың iшiнде:

- АӘК — 909 726,6 мың теңге сомасына 3 483 отбасы 17 377 адам;

- МБМҚЕ — 6006 мың теңге сомасына 218 мүгедек-бала;

- ТҮК — 27652,2 мың теңге сомасына 1020 отбасы 1764 адам;

- Қосымша көмек — 696103,9 мың теңге сомасына 26 174 адам;

- Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 367 912,6 мың теңге сомасына 13374 адам;

Атаулы әлеуметтiк көмек 5 268 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 26 286 адамға, 3 483 отбасыға төлендi, оның iшiнде 17 377 адам.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмек 313 адамға тағайындалды, 218 балаға төлендi.Тұрғын үй көмегi 1049 отбасыға тағайындалды (1820 адам), 1020 отбасыға төлендi (1764 адам).

Мақаланың шыққан күні: 14.11.2019 15:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.06.2019 09:00
Қаралым саны: 165