Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.05.2019 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста 871 542,7 мың теңге жалпы сомасындағы әлеуметтiк төлемдер 42 451 қызмет алушыға тағайындалды, олардың iшiнде 36 035 адамға 706 479,2 мың теңге төлендi, олардың iшiнде:

- АӘК — 208 765,9 мың теңге сомасына 2 656 отбасы 12 360 адам;

- МБМҚЕ — 5270,8 мың теңге сомасына 213 мүгедек-бала;

- ТҮК — 25 333,7 мың теңге сомасына 990 отбасы 1728 адам;

- Қосымша көмек — 221 073,6 мың теңге сомасына 13 595 адам;

- Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 246 035,2 мың теңге сомасына 8139 адам;

Атаулы әлеуметтiк көмек 3735 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 18 256 адамға, 2656 отбасыға төлендi, оның iшiнде 12 360 адам.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмек 308 адамға тағайындалды, 213 балаға төлендi.Тұрғын үй көмегi 1022 отбасыға тағайындалды (1811 адам), 990 отбасыға төлендi (1728 адам).

Мақаланың шыққан күні: 14.11.2019 15:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.05.2019 09:00
Қаралым саны: 168