Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.10.2018 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста 1 178 279,3 мың теңге жалпы сомасындағы әлеуметтiк төлемдер 53 655 қызмет алушыға тағайындалды, олардың iшiнде 50 307 адамға 1 120 168,5 мың теңге төлендi, олардың iшiнде:

- АӘК — 272 287,3 мың теңге сомасына 2279 отбасы 10 210 адам;

- МБМҚЕ — 10 959,6 мың теңге сомасына 314 мүгедек-бала;

- ТҮК — 44 141,3 мың теңге сомасына 1680 отбасы 2593 адам;

- Қосымша көмек — 358 418,9 мың теңге сомасына 13 320 адам;

- Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 434 361,4 мың теңге сомасына 23 870 адам;

Атаулы әлеуметтiк көмек 2357 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 10 575 адамға, 2279 отбасыға төлендi, оның iшiнде — 10 210 адам.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмек 327 адамға тағайындалды, 314 балаға төлендi.Тұрғын үй көмегi 1688 отбасыға тағайындалды (2611 адам), 1680 отбасыға төлендi (2593 адам).

Мақаланың шыққан күні: 23.11.2018 10:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.11.2018 10:44
Қаралым саны: 1011