Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
01.07.2018 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау

Облыста барлық топтағы 28 821мүгедек тұрады (соның iшiнде 1 топтағы — 2 751 адам,2 топтағы — 11 297 адам, 3 топтағы — 12 024 адам, мүгедек-балалар — 2 749 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарынжүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған Меморандумның «Паспортталған нысандардың жалпы санынан бейiмдеуден өткен нысандардың санын ұлғайту» көрсеткiшiне жету 100 %-ды құрады.

2018 жылы 1 672 паспортталған нысандардың бейiмдеу шараларыныңкешенiн толық өткiзу бойынша жұмысы жалғасады.

2018 жылы 595 мың теңге сомасына 27 бiрлiк жол белгiлерiн орнату және 1 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтау жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2014 жылғы 28 қарашадағы № 139-р өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайту жөнiндегi 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында 2018 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесiн өткiзу жоспарлануда. Бүгiнгi танда республикалық iс-шаралар жоспары негiзiнде облыстық жоспар бекiтiлдi.

Ағымдағы жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес 17 өтiнiш қабылданды (Ақкөл — 1, Астрахан — 1, Ерейментау — 1, Жарқайың -3, Целиноград — 1, Степногорск қ. — 2, Көкшетау қ. — 8).

Жыл сайын облыстық бюджеттен мүгедектердi құрылғылар мен оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2018 жылы мүгедектердi 294,5 млн.теңге сомасына қамтамасыз ету жоспарлануда:

 — 136,4 млн. теңге сомасына 1 239 адамды, сонын iшiнде 20 мүгедек-балалардышипажайлық — курорттық емдеумен. 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес 530адам жолданды;

- 27,4 млн. теңге сомасына 161 бiрлiк санында тифлотехникалық құралдармен, 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес мүгедектер 154 бiрлiк бұйымдармен қамтамасыз етiлдi;

- 11,6 млн. теңге сомасына 215 бiрлiк сурдотехникалық құралдармен, 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес мүгедектер 112 бiрлiк бұйымдармен қамтамасыз етiлдi;

- 38 млн. теңге сомасына 448 бiрлiк кресло-арбалармен, 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес мүгедектер 438 бiрлiкпен қамтамасыз етiлдi;

- 81,1 млн.теңге сомасына 1 584 бiрлiк бұйымдар санында протездiк-ортопедиялық бұйымдармен, 01.07.2018 жылдағы жағдайға сәйкес233 мүгедектер 326 бұйымдармен қамтамасыз етiлдi;

- «Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге қарастырылды (РБ -2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге).

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен сөйлеу процессорларымен 16,8 млн.тенге сомасына4 мүгедектi қамтамасыз ету жоспарлануда.

2018 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен үкiметтiк емес ұйымдарымен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтерiмен 164 млн.теңге сомасына450 адамды қамту жоспарлануда(жартылай стационар — 203, үй жағдайы арқылы — 197, адам саудасының құрбандары — 10, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 40).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен 26 бөлiмше қызмет iстейдi, 584 әлеуметтiк қызметкерлер 2 866 адамға қызмет көрсетедi(соның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 112, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 144, ҚҚК бұзушылығы бар — 144, психоневрологиялық сырқаттары бар 18 жастан жоғары —136, қарттар — 2 330). 2018 жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес — 294,6 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 15 мамандарымен есту бойынша 147 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес игеру сомасы 12,5 млн. теңгенi құрады. 653 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiнбiрiншi топтағы 666 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 шiлдедегi жағдайға сәйкес игеру сомасы 40,9 млн. теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 шiлдесiне мiндеттi гигиеналық құралдарымен 190,9 млн. теңгесомасына 2 819 мүгедек қамтамасыз етiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 16.08.2018 15:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.11.2018 10:58
Қаралым саны: 1637