Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.08.2017 жылға

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста 28 637 мүгедектер тұрады (оның iшiнде 1 топтағы — 2 726 адам, 2 топтағы — 11 365 адам, 3 топтағы — 11 892 адам, мүгедек-балалар — 2 654 адам).

Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектертердiң саны — 100 адам, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерге теңестiрiлген — 1 378 адам, тыл еңбеккерлерi — 6 195 адам (оның iшiнде марапатталған — 387 адам.).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2017 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу шаралар жұмыстары жалғасуда.

2017 жылы 4,1 млн. теңге сомасына 22 бiрлiк жол белгiлерiн орнату және 3 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтау жоспарланып отыр. Жұмыстардың жүргiзуi ағымдағы жылдың 3 тоқсанда жоспарланған.

2014 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң № 139-р өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында 2017 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» облыстық көрмесi өттi. Осы iс-шарада 16әлеуметтiк жобалар қатысты.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2017 жылға жалпы сомасы 303 млн.теңге қарастырылған. Осы қаражаттан мүгедектердi:

- санаторлық — курорттық емделуге 1 662 мүгедектер, оның iшiнде 27 балалар 128,7 млн. теңге сомасына, 2017 ж. 01.08. жағдайына 1 127 адам жiберiлдi(67,8 %);

- тифлотехникалық құралдар саны — 457 бiрлiк 17,6 млн. теңге сомасына, 2017 ж. 01.08. жағдайына 378 құрал берiлдi;

- сурдотехникалық құралдар — 382 бiрлiк 20,8 млн. теңге сомасына; 2017 ж. 01.08. жағдайына 259 құрал берiлдi;

- арнайы жүрiп-тұру құралдар (кресло-арбалар) — 528 бiрлiк 59,2 млн.теңге сомасына, 2017 ж. 01.08. жағдайына 442 кресло-арба берiлдi;

- протездiк-ортопедиялық құралдармен саны 1 165 бiрлiк сомасы 65,7 млн. теңгеге қамтуды жоспарланған. 2017 жылдың 01.08. жағдайына мүгедектер 699 құралмен қамтылды.

- «Инватакси» қызметiне 13,7 млн.теңге (республикалық бюджеттен — 2,7 млн.теңге, жергiлiктi бюджеттен — 11 млн. теңге).

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен кохлеарлық импланттары бар 9 мүгедектi сомасы 36,1 млн.теңгеге қамту жоспарланған. 2017 ж. 01.08. жағдай бойынша 10,7 млн.тенгеге 3 бала қамтылды.

2017 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдары көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 305 адамды қамту жоспарланған. Қарастырылған сома — 69,1 млн.теңге. 2017 жылдың 01.08. жағдайы бойынша қызметпен 340 адам қамтылған.

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсету 26 бөлiмi жұмыс iстейдi, 595 әлеуметтiк қызметкерлер 2 809 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 127, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 167, ҚҚК бұзушылығы бар — 167, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 137, қарттар — 2 211). 2017 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша — 331,4 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 16 мамандарымен есту бойынша 149 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша игеру сомасы 14,3 млн. теңгенi құрады. 586 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 599 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша игерудiң сомасы 48,0 млн. теңгенi құрады.

2017 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 1 953 мүгедек қамтылды. 2017 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша игерудiң сомасы 218,8 млн. теңгенi құрады.

Мақаланың шыққан күні: 16.11.2017 16:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 16:35
Қаралым саны: 1805