A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.07.2017 жылға

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста 28 637 мүгедектер тұрады (оның iшiнде 1 топтағы — 2 726 адам, 2 топтағы — 11 365 адам, 3 топтағы — 11 892 адам, мүгедек-балалар — 2 654 адам).

Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектертердiң саны — 105 адам, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектертерге теңестiрiген — 1 382 адам, тыл еңбеккерлерi — 6 268 адам (оның iшiнде марапатталған — 396 адам.).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған Меморандум «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмделуден өткен объектiлердiң санын көбейту» көрсеткiшi 100 %-ды құрады.

2017 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу шаралар жұмыстары жалғасатын болады.

2017 жылы 4,1 млн. теңге сомасына 22 бiрлiк жол белгiлерiн орнату және 3 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтау жоспарланып отыр. Жұмыстардың жүргiзуi ағымдағы жылдың 3 тоқсанда жоспарланған.

Мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыру аясында 2017 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесi өтедi. Бүгiнгi күнi үздiк әлеуметтiк жобаларды iрiктеу бойынша жоспар бекiтiлген. Өңiрлiк деңгейде iс-шараларды өткiзу туралы қоғамды ақпараттандыру бойынша жұмыстары жалғастырады. Ағымдағы жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша 16 өтiнiм қабылданды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2017 жылға жалпы сомасы 303 млн.теңге қарастырылған. Осы қаражаттан мүгедектердi:

 — санаторлық — курорттық емделуге 1 662 мүгедектер, оның iшiнде 27 балалар 128,7 млн. теңге сомасына, 2017 ж. 01.07. жағдайына 968 адам жiберiлдi;

- тифлотехникалық құралдар саны — 457 бiрлiк 17,6 млн. теңге сомасына, 2017 ж. 01.07. жағдайына 377 құрал берiлдi;

- сурдотехникалық құралдар — 382 бiрлiк 20,8 млн. теңге сомасына; 2017 ж. 01.07. жағдайына 146 құрал берiлдi;

- арнайы жүрiп-тұру құралдар (кресло-арбалар) — 528 бiрлiк 59,2 млн.теңге сомасына, 2017 ж. 01.07. жағдайына 334 кресло-арба берiлдi;

- протездiк-ортопедиялық құралдармен саны 1 165 бiрлiк сомасы 76,5 млн.теңгеге қамтуды жоспарланған. 2017 жылдың 01.07. жағдайына мүгедектер 412 құралмен қамтылды.

- «Инватакси» қызметiне 13,7 млн.теңге (республикалық бюджеттен — 2,7 млн.теңге, жергiлiктi бюджеттен — 11 млн. теңге). Бүгiнгi күн жағдайы бойынша қосымша бюджеттiк қаражат бөлуiне бюджеттiк өтiнiм бағытталды.

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен кохлеарлық импланттары бар 9 мүгедектi сомасы 36,1 млн.теңгеге қамту жоспарланған.

2017 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдары көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 305 адамды қамту жоспарланған. Қарастырылған сома — 69,1 млн.теңге.

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсету 26 бөлiмi жұмыс iстейдi, 599 әлеуметтiк қызметкерлер 2 823 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 127, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 171, ҚҚК бұзушылығы бар — 167, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 140, қарттар — 2 218). 2017 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша — 273,5 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 16 мамандарымен есту бойынша 144 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша игеру сомасы 11,3 млн. теңгенi құрады. 585 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 597 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша игерудiң сомасы 39,4 млн. теңгенi құрады.

2017 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 1 927 мүгедек қамтылды. 2017 жылдың 1 шiлде жағдайы бойынша игерудiң сомасы 196,6 млн. теңгенi құрады.

Дата создания статьи: 16.11.2017 16:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 16:37
Қаралым саны: 469

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz