A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.06.2017 жылға

Облыста әлеуметтiк төлемдердi жалпы сомасы 371 598,2 мың теңгеге 24 360 астам қызмет алушылары алады,олардың iшiнде:

- АӘК -6707,6 мың теңге сомасына 99 отбасы 395 адам;

- МБЖ — 42726,4 мың теңге сомасына 1601 отбасы 4760 бала;

- МБМҚЕ -8569,9 мың теңге сомасына 305 мүгедек-бала;

- ТҰК -29978,3 мың теңге сомасына 1645 отбасы 2345 адам;

- Қосымша көмек -50321,0 мың теңге сомасына 2963 адам;

- Жергiлiктi өкiлдiк органдардың шешiмi бойынша мұқтажды азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек — 217730,7 мың теңге сомасына 12276 адам;

- ШАК- 15564,3 мың теңге сомасына 292 отбасы 1316 адам.

Атаулы әлеуметтiк көмек үшiн 106 отбасы өтiнiшпен жүгiндi, оның iшiнде 429 адам. Атаулы әлеуметтiк көмек 99 отбасыға тағайындалды, оның iшiнде 395 адам, 96 отбасыға төлендi, оның iшiнде 378 адам.

Жұмыспен қамтудың қабылданған белсендi шаралары аз қамтамасыз етiлгендердiң санынан кедейлiк шегiне дейiнгi табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларды шығаруға мүмкiндiк бердi.

Осылайша, облыстың 11 аудандарында осы жәрдемақыны алушылары жоқ (Ақкөл, Астрахан, Егiндiкөл, Еңбекшiлдер, Ерейментау, Есiл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарда).

АӘК алушылардың санынан еңбекке қабiлеттi азаматтардың саны 109 адам құрайды, соның iшiнде күтiммен айналысатын адамдар 73 адам (18,5 %). Олардың iшiнде 3 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатындар — 58 адам, 3 жастан 7 жасқа дейiнгi -15 адам.

Қазiргi уақытта жұмыспен қамту бөлiмдерiмен «Өрлеу» жобасына 3 жастан 7 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатын адамдарды тарту және жұмысқа орналастыру бойынша мәселесi қарастырылуда.

3 жасқадейiнгi бала күтiмiмен айналысатынадамдардың басқа контингентiмен одан әрi жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi туралы түсiнiк жұмысы жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, адамдардың осы санаттарына жұмыспен қамтудың белсендi шараларын қолдану мүмкiндiгi туралы АӘК алушылардың санынан жұмыссыз азаматтар бойынша толық талдау жүргiзiлуде.

18 жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк балалар жәрдемақысы 4760 адамға тағайындалды, 4856 адамға төлендi. Жәрдемақы алушы балалардың ең көп саны ауылдық жерлерде тұрады, бұл 61,7 % құрайды.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек-балаларға материалдық көмегi 305 адамға тағайындалды, 305 балаға төлендi.

Тұрғын үй көмегi 1679 отбасыға тағайындалды (2396 адам), 1654 отбасыға төлендi (2360 адам).

«Өрлеу» жобасы бойынша жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын 292 отбасы немесе 1316 адам жасады (жалпы жоспардан 68,0 % — 1935 адам).

ШАК 1316 қызмет алушыға тағайындалды, 1308 қызмет алушыға төлендi.

2016 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда отбасыны жандандырудың әлеуметтiк келiсiм-шартын жасаған отбасылар 65 немесе 337 адамға көбейдi (227 отбасы 979 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына 328 адам тартылды немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабiлеттi қатысушыларының (372 адам)жалпы санынан 88,2 %,соның iшiнде:

 — тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды -199 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 60,8 %);

 — қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтiк жұмыс орындарына жолданды — 111 адам(жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 33,8%);

-дамыту бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтуды жаппай кәсiпкерлiктi жұмысқа орналастырылды- 13 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 3,9 %);

- қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жолданды — 5 адам (жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен жалпы қамтудан 1,5 %).

Отбасыға көмектiң жеке жоспарына сәйкес «Өрлеу» жобасы бойынша халықтың нысаналы топтарын мерзiмдi скринингтiк байқаудан өту көзделдi.

Сонымен, облыс бойынша ШАК 216 көмек алушылары скринингтiк байқаудан өттi.

Көмекшiлермен 2017 жылдың 1 маусымдағы 28 085 отбасылармен ақпараттық — түсiнiк жұмысы жүргiзiлдi (99 895 адам), олардың iшiнде жобаның қатысушылары 292 отбасы болды (1316 адам).

Мақаланың шыққан күні: 16.11.2017 16:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 16:39
Қаралым саны: 659

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz