A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.04.2017 жылға

Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығының мәлiметi бойынша облыста 25 829 мүгедектер тұрады (оның iшiнде 1,2 топтағы мүгедектер — 12 390 адам, 3 топтағы — 11 208 адам, мүгедек-балалар — 2 231 адам).

Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектертердiң саны — 114 адам, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектертерге теңестiрiген — 1 397 адам, тыл еңбеккерлерi — 6 507 адам (оның iшiнде марапатталған — 426 адам.).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар түгендеуден және паспорттаудан өткiзiлдi. 2017 жылдың 1 қантар жағдай бойынша 1 672 нысан бейiмделдi (100 %), соның iшiнде 2016 жылы сомасы 61,5 млн.теңгеге 557 нысан бейiмделдi (жоспардың 100 %).

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған Меморандум «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмделуден өткен объектiлердiң санын көбейту» көрсеткiшi 100 %-ды құрады.

2017 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу шаралар жұмыстары жалғасатын болады.

2017 жылы 4,1 млн. теңге сомасына 22 бiрлiк жол белгiлерiн орнату және 3 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтау жоспарланып отыр.

Мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыру аясында 2017 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесi өтедi. Бүгiнгi күнi үздiк әлеуметтiк жобаларды iрiктеу бойынша жоспар бекiтiлген. Өңiрлiк деңгейде iс-шараларды өткiзу туралы қоғамды ақпараттандыру бойынша жұмыстары жүргiзiлуде. Ағымдағы жылдың 1 сәуiр жағдай бойынша 7 өтiнiм қабылданды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2017 жылға жалпы сомасы 287,6 млн.теңге қарастырылған. Осы қаражаттан мүгедектердi:

 — санаторлық — курорттық емделуге 1 662 мүгедектер, оның iшiнде 27 балалар 128,7 млн. теңге сомасына;

- тифлотехникалық құралдар саны — 433 бiрлiк 22,2 млн. теңге сомасы;

- сурдотехникалық құралдар — 259 бiрлiк 13,7 млн. теңге сомасы;

- арнайы жүрiп-тұру құралдар (кресло-арбалар) — 280 бiрлiк сомасы 35,5 млн.теңге.

- протездiк-ортопедиялық құралдармен саны 1 165 бiрлiк сомасы 76,5 млн.теңгеге қамтуды жоспарланған.

- «Инватакси» қызметiне 13,7 млн.теңге (республикалық бюджеттен — 2,7 млн.теңге, жергiлiктi бюджеттен — 11 млн. теңге).

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен кохлеарлық импланттары бар 9 мүгедектi сомасы 36,1 млн.теңгеге қамту жоспарланған.

2017 жылы үкiметтiк емес ұйымдары көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 305 адамды қамту жоспарланған. Қарастырылған сома — 69,1 млн.теңге.

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсету 26 бөлiмi жұмыс iстейдi, 610 әлеуметтiк қызметкерлер 2 833 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 124, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 186, ҚҚК бұзушылығы бар — 175, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 136, қарттар — 2 212). 2017 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша — 136,7 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 15 мамандарымен есту бойынша 136 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша игеру сомасы 6,1 млн. теңгенi құрады. 544 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 559 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша игерудiң сомасы 15,3 млн. теңгенi құрады.

2017 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 1 672 мүгедек қамтылды. 2017 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша игерудiң сомасы 94,5 млн. теңгенi құрады.

Дата создания статьи: 16.11.2017 16:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 16:43
Қаралым саны: 476

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz