A- A A+
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау 01.01.2017 жылға

Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығының мәлiметi бойынша облыста 25 795 мүгедектер тұрады (оның iшiнде 1,2 топтағы мүгедектер — 12 421 адам, 3 топтағы — 11 165 адам, мүгедек-балалар — 2 209 адам).

Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектертердiң саны — 121 адам, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектертерге теңестiрiген — 1 408 адам, тыл еңбеккерлерi — 6 672 адам (оның iшiнде марапатталған — 442 адам.).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының (2012-2013 жылдары) бiрiншi кезеңiн жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар түгендеуден және паспорттаудан өткiзiлдi. Өткiзiлген түгендеудiң нәтижесi бойынша халықтың аз мобильдi топтары үшiн толық қолжетiмдi 158 (9,5 %) нысан анықталды. 1 514 (90,5 %) нысан мүгедектердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн бейiмдеуге жатады.

Екiншi кезеңiн iске асыру аясында (2014 — 2015 жылдар) сомасы 178,9 млн. теңгеге 957 (57,2 %) нысан бейiмделдi (2014 ж. — 180, 2015 ж. — 777).

2016 жылы сомасы 61,5 млн.теңгеге 557 нысан бейiмделдi (жоспардың 100 %).

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған Меморандум «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмделуден өткен объектiлердiң санын көбейту» көрсеткiшi 100 %-ды құрады ((158+180+777+557)/1 672*100=100 %).

2017 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу шаралар жұмыстары жалғасатын болады.

2017 жылы 4,1 млн. теңге сомасына 22 бiрлiк жол белгiлерiн орнату және 3 бiрлiк жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтау жоспарланып отыр.

Мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыру аясында 2017 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесi өтедi. Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiсу үшiн республикалық жоспардың жобасы жолдайды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен, 2017 жылға жалпы сомасы 282,2 млн.теңге қарастырылған. Осы қаражаттан мүгедектердi:

 — санаторлық — курорттық емделуге 1 662 мүгедектер, оның iшiнде 47 балалар 128,7 млн. теңге сомасына;

- тифлотехникалық құралдар саны — 433 бiрлiк 22,2 млн. теңге сомасы;

- сурдотехникалық құралдар — 259 бiрлiк 13,7 млн. теңге сомасы;

- арнайы жүрiп-тұру құралдар (кресло-арбалар) — 280 бiрлiк сомасы 35,5 млн.теңге.

- протездiк-ортопедиялық құралдармен саны 1 165 бiрлiк сомасы 76,5 млн.теңгеге қамтуды жоспарланған.

- «Инватакси» қызметiне 8,3 млн.теңге (республикалық бюджеттен — 2,7 млн.теңге, жергiлiктi бюджеттен — 5,6 млн. теңге). Бүгiнгi күн жағдайы бойынша қосымша бюджеттiк қаражат бөлуiне бюджеттiк өтiнiм бағытталды.

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен кохлеарлық импланттары бар 9 мүгедектi сомасы 36,1 млн.теңгеге қамту жоспарланған.

2017 жылы үкiметтiк емес ұйымдары көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 305 адамды қамту жоспарланған. Қарастырылған сома — 69,1 млн.теңге.

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсету 26 бөлiмi жұмыс iстейдi, 610 әлеуметтiк қызметкерлер 2 859 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 126, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 183, ҚҚК бұзушылығы бар — 177, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 136, қарттар — 2 237). 2017 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша — 44,2 млн.теңге игерiлдi.

Ым тiлiнiң 11 мамандарымен есту бойынша 101 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша игеру сомасы 0,2 млн. теңгенi құрады. 199 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 346 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2017 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша игерудiң сомасы 0,6 млн. теңгенi құрады.

2017 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 1 182 мүгедек қамтылды.

2017 жылға арналған мiндеттер:

- кресло-арбамен журетiн, есту, көру, тiрек-қозғалтқыш аппараты бұзылған мүгедектер үшiн әлеуметтiк-маңызды нысандарда қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;

- «Қолжетiмдiлiк интерактивтi картасы» порталында мәлiметтердi толтыруды қамтамасыз ету;

- мүгедектердi оңалтудың құралдарымен және қызметтерiмен қамтамасыз ету.

Мақаланың шыққан күні: 16.11.2017 16:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 16:46
Қаралым саны: 658

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23

Телефон: 8 (7162) 76-36-90

Электрондық пошта адресі: social@akmo.kz